- Негізгі бет
- Психология
- Жылағанына қарап таны...
Жылағанына қарап таны
Адамның мінезін танудың қаншама жолы бар. Солардың кезектісі жылағаны бойынша жорамал.
Жылағанда ернін жинап, қысып, тістейтін, мұрнын тыржитса да, бетінде байсалдылық сақтайтын адамдар өте мәдениетті, тәрбиелі болады. Қандай жағдай болмасын, өзін қолда ұстауға тырысады, эмоцияларын көрсете бермейді. Тәртіп пен заңдарды қолдайды, өзі де қатаң ережелермен өмір сүреді, басқалардан да соны күтеді. Бұндай кісілерге өзін сынай бермеуге кеңес берер едік. Қатып қалған заңдармен емес, өмір ағынымен өмір сүріп көргені дұрыс болар.
Жылағанда аузы сәл ашылып, қабағы түйіліп, көзін сығырайтатындар батыл, өз ісінің шебері болады. Басқаларды басқара да, басшылыққа көне де алады. Өзіне сенімді, басқаларға жақсы кеңесші. Бұндай кісімен әңгімелесу қызықты болмақ.
Эмоцияға қатты беріліп, көзін қатты жұмып, аузын ашып, дауыстап жылайтындар ақкөңіл, адал келеді. Қай жаста болмасын ол баладай сезімтал, ойнақы болып қалады. Эмоция үстінде ессіз істерге баруы да мүмкін.
Ал сіз қалай жылайсыз?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: kartinki.me
С. А