Жүзік – кез келген қыз-келіншектің сандықшасынан табылатын аксессуар. Ертеректе адамдар жүзік иесін негавтивті ықпалдан (көз, дуа, реніш, көре алмаушылық, ыза, қызғаныш) қорғайды деп санаған.
Астрологтар мен хироманттар (қолға қарап, адам тағдырын болжайтын адамдар) әр саусақ белгілі бір ғаламшармен байланысатынын айтады. Егер жүзікті дұрыс тақсаңыз, ол сізге өмір жолында көмектеседі деп сенеді. Аспан әлемі мен адам байланысын зерттеген ғалымдар қандай тұжырымға тоқтаған?
Сұқ саусаққа жүзік кисеңіз, Юпитерді «іске қосасыз». Бұл ғаламшар – биліктің символы. Сұқ саусаққа жүзік таққан адам өзіне сенімді, мақсатына берік болады. Сонымен қатар Юпитер – сәттілік, табыс, оптимизм мен жомарттық ғаламшары.
Ортаңғы саусақ жер стихиясы мен Сатурн ғаламшарымен байланысты. Бұл саусаққа атадан мұра болып қалған жүзікті таққан жөн. Ол рухыңызды мықтырақ етеді.
Төртінші саусақ ауа стихиясы мен күн ғаламшарымен байланысты. Бұл саусаққа тағылған жүзік иесіне шабыт сыйлап, шығармашылық қабілетті арттырады. Егер жақыныңыз жүзік сыйласа, осы саусаққа тағыңыз. Ол арадағы қарым-қатынасты жақсартады.
Бесінші саусақ Меркурий ғаламшары мен су стихиясымен тығыз байланысты. Меркурий – адамның тәуелсіздігі мен ұмтылғыштығының символы. Ол ой-өрісті дамытып, энергияны көбейтуге көмектеседі.