Зергерлік бұйымдарды тағуға қатысты түрлі дәстүр бар. Адамның жүзікті қай саусағына тағатынына қарап, оның мінезін сипаттауға болады.
Басы
Сақинаны қай саусаққа тағу керектігіне байланысты арнайы ереже жоқ. Әркім оны қалаған саусағына тағады. Алайда кейбір ескерілуі тиіс өзгешіліктер бар. Мысалы, Оңтүстік және Солтүстік Американың тұрғындары сақинаны сол қолдағы аты жоқ саусаққа тағады. Ал Шығыс халықтары көбінесе оң қолға тағады. Ер адамдардың отбасын құрса да, тақпай қоятын әдеттері бар. Ережеге сәйкес, оң қол қозғалысқа икемді, белсенді мүше болып табылады. Ал мінезді адамдар көбінесе сол қолын жиі қозғайды. Жүзіктер символикасы бізге қандай сыр шертеді?
Сұқ саусақ билікқұмарлық, көшбасшылық пен кеудемсоқтық сынды қасиеттерді бейнелейді. Осы саусаққа тағылған жүзік жоғарыдағыдай қасиеттерге сәйкес энергия сыйлайды. Бұл сөзіміздің растығын сонау замандарда өмір сүрген құдіретті патшалардың қолына қарап байқауға болады. Бойыңызда көшбасшылық қасиетті дамытқыңыз келсе, жүзікті осы саусаққа тағыңыз.
Әдетте қолымызды сермегенде бас бармақтан өзгесін жиі қозғалысқа түсіреміз. Алайда ортаңғы саусақтағы жүзікке қарағанда, сұқ саусақтағы жүзік бізге аз кедергі жасайды екен. Бағзы замандарда қоғамдағы беделі төмен адамдарға сұқ саусаққа жүзік тағуға тыйым салған. Сол себепті көбінесе бұл саусаққа белгілі бір ұйымға, бірлестікке тиесілі белгісі бар жүзіктер тағылған. Бірден көзге шалынбаса да, оны айналамыздағыларға қолымызды сермеген кезде байқатамыз. Күш пен көшбасшылықты, атаққұмарлық пен рухани байлықтың символы болып табылады. Сұқ саусаққа арналған жүзіктер көбінесе күмістен жасалады. Лазурит, аметист және көгілдір топаз секілді астрологиялық тастары бар жүзіктерді таққаныңыз жөн.
Сол қолдың сұқ саусағы жүз пайыз белгілі бір қасиетті көрсетпейді. Бар болғаны, әдемі, қымбат жүзіктер тағып, мақтануға мүмкіндік жасайды.
Ал оң қолдың сұқ саусағына еуропалықтар неке жүзігін тағады. Ережеге сәйкес, бұл мақсатқа жету үшін алтыннан жасалған сақина қолданылады. Әдетте қалыңдықтар некелесу рәсімі өткеннен кейін, сақинаны аты жоқ саусаққа тағады. Сол себепті Еуропаға жолыңыз түсіп жатса, ұнатқан қызыңыздың қолына зер салыңыз. Бұрын Русьта да неке жүзігін сұқ саусаққа тағу дәстүрі болған екен.
Ал сіз жүзікті қай саусағыңызға тағасыз?