- Негізгі бет
- Психология
- Жүзік пен мінез...
Жүзік пен мінез
Зергерлік бұйымдарды тағуға қатысты түрлі дәстүр бар. Адамның жүзікті қай саусағына тағатынына қарап, оның мінезін сипаттауға болады.
Сақинаны қай саусаққа тағу керектігіне байланысты арнайы ереже жоқ. Әркім оны қалаған саусағына тағады. Алайда кейбір ескерілуі тиіс өзгешіліктер бар. Мысалы, Оңтүстік және Солтүстік Американың тұрғындары сақинаны сол қолдағы аты жоқ саусаққа тағады. Ал Шығыс халықтары көбінесе оң қолға тағады. Ер адамдардың отбасын құрса да, тақпай қоятын әдеттері бар. Ережеге сәйкес, оң қол қозғалысқа икемді, белсенді мүше болып табылады. Ал мінезді адамдар көбінесе сол қолын жиі қозғайды. Жүзіктер символикасы бізге қандай сыр шертеді?
Аталған саусақ адам ерік-жігерінің мықты екенін танытады. Жүзікті осы саусағыңызға тағар болсаңыз, өміріңізде міндетті түрде өзгеріс болады. Мұнымен қатар, жүзікті осы саусағыңызға тағу арқылы ерік-жігеріңізді мықты етесіз.
Көп адам жүзікті бас бармағына тағатын жандарға қарап, таңқалады. Алайда бұл әлемнің көп елінде қалыпты құбылыс болып саналады. Әдетте ірі денелі адамдар жүзікті осы саусағына тағады. Ол - байлық пен үстемдіктің символы. Бұрын неке жүзігін бас бармаққа тағатын болған. Мұндай дәстүр Англиядағы Георг І заманында қалыптасқан болатын. Ортағасырлық Еуропада жүзікті түрлі саусаққа таққан. Кішкентай бөбек пен шылдыр шүмекке тағылған неке жүзігі жайсыздық сезімін тудырған.
Бас бармақтың жоғары қарап тұруы — достықтың белгісі. Сол себепті аталған саусаққа өзгелерге оғаш көрінетін жүзік тақпағаныңыз жөн. Бас бармаққа тағылған талғамсыз, қымбат жүзіктен жаман көрініс жоқ. Оның барынша қарапайым болғаны дұрыс. Көп авторлар бас бармаққа қамқоршы ежелгі грек құдайы жоқ болғандықтан, оны көбінесе Марспен байланыстырған. Бірде беделді адамдардың қайтпас қайсар мінезін бейнелесе, енді бірде күнәһарлықтың символы іспеттес болған. Астролог мамандар оны ақық, анартас және лағыл сынды тастармен байланыстырады.
Ежелгі заманда ер адамдар бас бармағына садақ атуға арналған жүзікті таққан. Сол заманда өмір сүрген халықтар мұндай адамдарды батыл, қарудың қыр-сырын меңгерген мерген деп таныған. Әлі күнге дейін ер адамдардың басымдылығын танытатындығы осыған байланысты болған шығар.
Сол бас бармақ сіздің қоғамдағы орныңыз, мамандығыңыз туралы хабар бермейді. Алайда айналаңыздағыларға өзіңіздің сәнқой және өзіне барынша сенімді адам екеніңізді көрсетесіз.
Оң қолдағы бас бармаққа тағылған жүзік те ешнәрседен хабар бермейді. Бар болғаны креативтілікке жақын екеніңізді айқындайды.
Ал сіз жүзікті қай саусағыңызға тағасыз?
Қ. Бүйенбай