- Негізгі бет
- Психология
- "Жұрт не ойлайды?":...
"Жұрт не ойлайды?": Маман өзін-өзі бағалауы төмен адам жиі айтатын сөздерді атады
Аузымыздан шыққан кей сөз біздің өзімізге деген сенімсіздікті көрсетіп қана қоймай, сыйластықты жоятын қауқарға ие. Сондықтан, ескере жүріңіз.
"Мен ештеңе істеген жоқпын, жай ғана жолым болды" және "Бұл жай ғана сәйкестік"
Өзін-өзі бағалауы төмен адамға өзі сіңірген еңбегін бағалау және мақтауды қабылдау қиын. Осындай сөз тіркестерімен комплименттерге жауап бере отырып, сіз барлық жасаған жұмысыңыздың қадірін кетіресіз. Сондай-ақ өзіңіздің құндылығыңыз бен маңыздылығыңызға күмәнданатындығыңызды көрсетіңіз.
Кез келген комплиментке «рақмет» деп жауап беру керек. Алдымен сіз өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін, бірақ уақыт өте келе мұндай реакция әдетке айналады.
"Бұл менің кінәм, бәріне мен кінәлімін"
Өзін-өзі бағалауы төмен адамдар өзін кінәлі сезінуге бейім келеді. Бірақ өзін-өзі сынға алудың орнына, қорытынды жасап, жағдай қайталанбауы үшін қадамдар жасауға тырысқан жөн. Ешқашан қателіксіз кемелдікке қол жеткізу мүмкін емес.
Деструктивті тіркестің орнына "Сәтсіздік әркімде болады, мен қорытынды жасаймын" дегенді қолданған дұрыс. Осылайша, сіз өзіңізді кез келген жағдайдан шығудың жолын ұтымды таба алатын жетілген және өзін-өзі саналы бағалай алатын адам ретінде көрсетесіз.
"Мінсіз жасамасаң, қолға алудың керегі жоқ"
Мұндай сөз орнына: "Мұны мүлде істемегеннен гөрі, байқап көрген жөн", "Мінсіз ештеңе жоқ, бастысы – жұмысты жеткілікті сапалы орындау" деген секілді сөздер айтқан абзал.
"Мен үшін тым кеш/тым ерте"
Өзін-өзі төмен бағалау қабілеттеріңізге деген сенімді әлсіретуі мүмкін. Мұндай сөз тіркесін айта отырып, сіз өз қолыңызды байлап, ары қарай дамуға мүмкіндік бермейсіз.
"Кеш" немесе "ерте" ұғымдар – өткеннің "жәдігерлері". Қазіргі әлемде жас шектеулері жойылған, ең бастысы – өзіңе сену: "Тірі адамға ештеңе кеш те, ерте де емес".
Педагог-психолог Кажиева Бекзат: "Баланың 5 жасқа дейін түпсанасы қалыптасады. Сол кездегі жай-күйі оның өзін-өзі бағалауына негіз болады. Бірақ әйелдерге қатысты айтатын болсақ, ол ересек адамға айналып, ана атанғаннан кейін декреттік демалыста отырады. Менің тәжірибемде осы шақта әйелдердің өзін-өзі бағалауы күрт төмендейді. Оған дейін қоғамда орны болған, мансабында жетістікке жеткен болса да. Ондай әйелдерде өзіне көңілі толмау тіптен жоғары болады. Мұндайда не істей аламыз? Ең алдымен, әйел өзінде осындай болып жатқанын мойындап, психикалық саулығын қолына алуы керек. Отбасы, ошақ қасы, бала-шаға шеңберінен тыс жеке тұлғалық амбицияларын жүзеге асыру жолында еңбектене бастағаны жөн. Оқу, даму даму барысында ол өзін-өзі бағалау қабілетін қайта қалпына келтіре алады", - дейді.
"Мен табысқа жете алмаймын", "Мен оған лайық емеспін" және "Мен бақытсызбын"
Осы сөз тіркестерін айту арқылы сіз өзіңізді сәтсіздікке алдын ала дайындайсыз. Бұл сіздің өзіңізге және өз күшіңізге деген сеніміңізді әлсіретеді.
Оның орнына, сіз өзіңізге: "Мен ең жақсыға лайықпын", "Мен қалай істеу керегін түсінбедім, бірақ тағы да талпынып көремін".
"Елде дағдарыс, бірдеңе бастаудың қажеті жоқ"
Мұндай тіркестер жауапкершілікті сыртқы жағдайларға ауыстырады және әрекетсіздікті ақтауға тырысу боп саналады. Бірақ ең қиын өмірлік жағдайларда да мәселені өз қолыңызға алуға болады.
Сіз өзіңізге сұрақ қоюыңыз керек: "Болған оқиғадан қандай қорытынды жасай аламын, мен қандай пайда аламын?", "Неліктен бұлай болды, бұл қайталанбас үшін мен нені өзгерте аламын?"
"Жұрт не ойлайды/айтады?"
Өзін-өзі бағалауы төмен адам үшін басқалардың пікірі өте маңызды. Өз пікірін білдіруден қорқу және басқалардың көзқарасына жаутаңдау өзіне деген сенімсіздікті көрсетеді. "Мен басқаның емес, өз өмірімді сүріп жатырмын", "Мен өзіме пайдалы және құнды нәрсені істеймін" деген сөйлемдерге ауысыңыз.
А. Оралқызы