«Мен бұл өмірге сендердің көңілдеріңнен шығу үшін келген жоқпын, сендер де менің көңілімнен шығу үшін өмір сүрмейсіңдер» Брюс Ли
Әлдекімнің сіздің әрекетіңізге қандай көзқараспен қарайтынына жалтақтап, сіздің бастамаңыз бен ісіңізге қандай пікір білдіретініне қарайлап жүру ер азамат үшін лайықты іс емес. Бастысы – тура жолмен жүріп, көңіліңіз қалаған істі саналы түрде атқарыңыз. Жұрттың дегені үнемі дұрыс бола бермейді. Сол үшін біз бүгін жігіттерге жұрттан күтпеу керек 4 нәрсені ұсынғанды жөн көріп отырмыз.
Жұрттың сіздің пікіріңізбен келіскенін күтпеңіз
Егер бүгін сізден артық бақытты адам болмаса, демек сіз осы бақытқа әбден лайықсыз. Демек сіз толыққанды өмір сүруге қақылысыз. Осы бағыңызды әлдекімдердің сөздері ұшырып жіберуіне жол бермеңіз. Өйткені жұрттың сөзі мұндай күшке ие. Сіз мына өмірге біреулердің көңілінен шығып, солардың ойымен өмір сүру үшін келген жоқсыз. Олар да сіздің сөзіңізсіз-ақ бақытты бола алады. Сіз өз өміріңіз бен арман-тілектеріңізді дұрыс жоспарлай алған сайын, жұрттың ойы мен сөзінен тәуелсіз бола түсесіз. Біреудің жетістіктерін қызғанбаңыз, керісінше қызығып одан да көп жетістіктерге ұмытылыңыз. Өйткені сіздің де он екі мүшеңіз түгел, миыңыз дұрыс жұмыс жасайды. Өзіңізше бақытты бағалаңыз. Өз өміріңізге өкпе артпаңыз.
Жұрттың сізді сыйлағанын күтпеңіз
Адамның нағыз күші миында емес, оның жаны мен рухында сақталады. Сондықтан өзіңізге деген сенімділікті жоғалтпай, саналы түрде әрекет ете алуыңыз керек. Бұл – сіздің өз әрекетіңіз бен өзіңізді сыйлағандығыңыз. Осы кезден бастап біреулердің сізге деген махаббаты мен сыйластығы артқанын күтпеңіз, керісінше соған лайық болыңыз. Бірақ сыйлауды талап етпеңіз!
Жұрт "мені қашан ұнатады?" деп күтпеңіз
Сіз өзіңізді ешкімге керексіз сезінген сайын шынымен де керексіз жай бір затқа айнала бересіз. Бірақ әлі де тірі екеніңізді ұмытпаңыз. Өзіңізге лайықты іс жасаңыз. Жұрттың көңілінен шығатын бейнені өзіңізден іздемеңіз. Өйткені адамның бәрінің көңілінен шыға алмайсыз. Шын мәнінде сізді ұнататын адамдармен ой бөлісіп, байланыста болыңыз. Кейде адамдар сізді өздерінің ойларындағыдай адам болмағаныңыз үшін жазғыруы мүмкін. Оған мән бермеңіз. Олар қолдарынан келсе сондай қуыршақты қолдан жасап алсын. Ал сіз қуыршақ болудан сақтаныңыз.
Жұртты өзгеретін шығар деп күтпеңіз
Табиғат өзгерте алмаған адамның мінезі мен қылықтарын, ойы мен көзқарасын және әрекеті мен бағытын сіз өзгерте алмайсыз. Өйткені ол өз өмірінің кейіпкері. Бағыты – сол! Ешкімді өз болмысынан өзеруін асыға күтпеңіз.