Жүректегі сырды жасыра біліңіз

Жүректегі сырды жасыра біліңіз

Жұртқа жасаған жақсылығым қайтпады деп мұңаятын сәттер болады. Кейде жасаған игі істеріміз үшін өзімізге айып тағылатын кездер де бар. Айналамыздағы адамдардың болмысын түсініп болмаймыз. Қызғаныш пен кек бойымызды кернейді. Ал осылардың себебі неде? Бұл сұрақтың жауабын төмендегі өсиет әңгімеден біле аласыздар.

Күндердің бір күнінде сұлу бойжеткен дана қарияға жылап келеді. Көзінен мөлтілдеген жас ағып: «Қолымнан келген көмегімді ешкімнен де аямаймын. Үнемі жақсылық жасауға тырысамын. Жүрегімдегі бар жылуымды жақындарыма тарту етсем де, қайтарымына ащы мысқыл мен дөрекі сөздер естимін. Олар менімен ашық түрде жауласады. Ешбір кінәм жоқ. Маған сонда не істеу керек? Кеңес беріңізші», - деп сұрайды.

Сонда қария жымиып тұрып: «Үстіңдегі киіміңді толықтай шешіп, жалаңаш күйіңде қаланы аралап шық», - дейді.

Таңырқаған қыз: «Сіз не айтып тұрсыз? Бұлай жүретін болсам, менің ар-ұятыма қол салады емес пе? Ал жасы үлкендер бұл ісімді кешірмейді», - деп айқайлап жібереді. Сол кезде дана қария есікті ашып, үстелдің үстіне айна қояды.

- Қарағым, енді түсіндің бе? Сен адамдардың алдында киімсіз жүруге ұяласың. Бірақ, жан-дүниеңдегі сырды жасырмайсың. Ол құдды мына есік секілді айқара ашық тұр. Сол себепті, ермек қылғысы келген кез келген жан өміріңе рұқсатсыз кіреді.

Адамдар өзін жақсы адамдарды жамандау арқылы жоғарылатқысы келеді. Осындай сұм заманда мейірімді жүрегін сақтай білген жандардың бар екенін әркімнің мойындауға батылы бармайды.

- Сонда мен не істеймін?

Қария:

- Жүр, қалқам, мен саған бақшамды көрсетейін. Бұл гүлдерді көп жылдан бері суарып, күтім жасап келемін. Олардың әрқайсысының иісін құшырлана иіскеп, көркіне тамсансам да, бүршіктерін қалай жаратынын көрмеппін. Сен де осы гүлдерден үлгі ал. Адамдардың алдында жүрегіңдегі сырды асықпай ақтар. Өзіңе жаман мінез танытқан адамдардан алшақ жүр. Оларға ешқашан өзің бірінші болып көмектеспе. Жаман адамдарды есіктің ар жағында қалдыруымыз керек, - деп ақылын айтады.

Ал Сіздің өміріңізде мұндай сәттер жиі болып тұра ма?

Сурет: ©Макс Галаев 

Қ. Бүйенбай