Адам баласының мінезі құбылмалы болып келеді. Бірде ашуға бойы алдырып, сабырсыздық танытса, енді бірде мейірімді болып, айналасындағыларға жылу сыйлайды. Назарларыңызға жүрегі кішкене болса да, алып істерді жүзеге асырған адамдар туралы оқиғалар ұсынамыз.
«Өзім тамақты жылдам әзірлейтін дәмханада жұмыс істеймін. Бүгін таңертең ер адам кассаға келіп: «Менен кейін бір қыз тұр. Ол қызды танымаймын. Бірақ оның кофесі үшін ақша төлегім келеді. Оған сәттілік тілеңізші», - деді. Алғашында әлгі қыз қатты таңқалды. Артынша жігіттің әрекетін қайталап, өзінен кейінгі адамның кофесіне ақша төледі. Бұл үрдіс кезектің соңына дейін жалғасын тапты».
«Жақын күндердің бірінде үйге қайтып келе жатып метро станциясының жанынан соғыс ардагерін көзім шалды. Өзінің ерлігі үшін алған медальдарын саудалап тұр екен. Сатпас еді, аштық құрғыр асқазанын тесіп бара жатыр. Оған әмиянымдағы бар ақшамды бердім де: «Мынаны алыңыз. Бірақ ар-ұятыңызды, ерлігіңізді тиын-тебенге сатпаңыз. Бұл адамдар оған лайық емес», - дедім. Ардагер қатты жылап тұрып «Рақмет, қызым!» деп маңдайымнан сипады. Осындай сәтте әлемді өзгертуге қауқарым жететініне тағы бір мәрте көзім жетеді».
«Туған күнімнің қарсаңында 9 жасар сіңілім маған сыйлық беруге асығып, үйді шыр айналып, жүгіріп жүрді. Таңертең әдеттегідей мектепке тұрғызып: «Маған сыйлығыңды бере берсең болады», - деп айттым. Ол мойныма асылып, бетімнен сүйді де, жастығының астынан конверт алып шықты. Ішінде көп ақша бар екен. Қарындасымның өзіне түскі асқа деп берілген ақшаны құртпай, жинап жүргеніне риза болдым. Мен үшін қарны ашып жүргенін білген кезде, көзіме еріксіз жас келді».
«Көптен бері жер бетіне бүгінгідей найзағай түспеген еді. Жұмыстағы қызметтестерім көлігімнің жанын бейтаныс біреу айналшықтап жүргенін айтты. Мен көшеге жүгіріп шықтым. Әлгі адам біреу ішіне су кірмесін деген ниетпен төбесіндегі терезесін жауып қойыпты. Оның әрекеті болмашы дүние болса да, қамқорлығына риза болдым».