- Негізгі бет
- Психология
- Жүрек жарасы емделмейді...
Жүрек жарасы емделмейді
Алып шаһарлардың бірінде кез келген жайсыздыққа бола ашуланатын сабырсыз жігіт өмір сүреді. Күндердің бір күнінде әкесі оған бір мүшек шеге береді. Артынша ол шегелерді сабырсыздық танытқан сайын ағашқа қағып отыруды бұйырады.
Алғашқы күннен-ақ ағашта он шақты шеге тізіліп шыға келеді. Келесі аптада шегелердің саны азая түседі. Себебі, бұл уақытта өзін сабырға шақыруды үйреніп қалған еді. Жігіт шегені қаққаннан сабырлы мінез танытудың оңай екенін түсінеді.
Көп ұзамай жігіт өзін толықтай бақылауда ұстай алатындай күйге түседі. Бұл туралы әкесіне айтады. Әкесі өз кезегінде сабырлы мінез танытқан сайын қаққан шегесін бір-бірлеп алып отыруды ұсынады. Осылайша уақыт өте береді. Бір күні ағаштағы шегелер толығымен таусылады. Әкесі сол кезде баласын қолынан жетектеп әлгі ағашқа алып келіп: «Балам, сен өзіңді бақылауда ұстай алатындай дәрежеге жеттің. Алайда ағашта қанша тесік қалғанын көріп тұрсың ба? Ол ешуақытта бұрынғыдай мінсіз қалыпқа келмейді. Адамдарға айтқан ауыр сөздерің олардың жүрегінде мәңгілік сақталады. Жанына айықпас ауыр жара салады. Бұдан кейін қанша рет кешірім сұрайтының маңызды емес. Себебі, салған жараны емдей алмайсың», - дейді.
Ал Сіз әрдайым сабырлы мінез танытасыз ба?
Сурет: Евгения Горобец
Қ. Бүйенбай