2009 жылы Хиросима университетінің ғалымдары кездейсоқ жерден жануарлар төлдерінің суреттері адамның ой шоғырлануына жақсы әсер ететінін анықтады. Ғалымдар өз болжамдарын 3 тәжірибе жасау арқылы қайта тексеріп шығып, расында да солай екендігіне көздерін жеткізген. Нәтижесінде суреттегі бала образдары елжіреудің рефлекторлық реакциясын шақырып, көңіл-күйді көтеретіні байқалған. Ал бұл өз кезегінде ой шоғырлануының артуына алып келеді-міс.
Егер де бастығыңыз жұмыс істеудің орнына төл суреттерін парақтап отырғаныңызды байқап қойса, қысылмастан когнитивті түрде өз-өзіңізді жөнге келтіріп жатқаныңызды айтыңыз. Қазірден бастасаңыз болады!
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: adme.ru