Тоқты. «Адам болар бала алысқа қарайды» деген мақал осы жұлдыз белгісімен туғандарға арналған. Басшылық ете білу қабілеті бір көргеннен-ақ анық байқалады. Болашақта бастығының орнын басатын нағыз осы адам екенін жұмыстағылар түгел мойындайды. Тапсырма берілсе болды қызыл түсті көрген бұқадай алқынып, түбіне жеткенше тағат таппайды. Соншалықты екпінмен істесе де, шалағайлығы жоқ. Істі берілген мөлшерден де артық деңгейде орындайды. Үнемі көздеген мақсатына жетеді.
Торпақ. Өз бюджетіңізді өзіңіз ғана басқаруды қалайсыз. Жұмыс өнімділігіңіз жасалған жағдайға байланысты. Мысалы, таңертең жұмысты жұпар аңқыған кофемен бастасаңыз, түске дейін біраз шаруа атқарып тастайсыз. Басшы болу – тек қажеттілік деп есептейсіз, ал жан дүниеңіз бар адам бір сапта, қатар тұрғанын қалайды. Бастығыңыз сіздің ісіңізге риза, жұмысыңыз көңіл көншітеді. Соған орай, жалақыңызды да лайықты төлейді.
Егіздер. Эрудициясы мықты және әр іске икемділігімен өзгелерден айрықшаланып тұрады. Өсекшілер бұл жұлдыз белгісімен туған адамның жанынан жай өте алмайды. Бірақ бұл белгіде туғандар қиын мәселенің шешімін өзгеге ысырып тастауға бейім болады. Сонымен бірге, өзінің қолынан келмейтін істі кімнің ең жақсы атқаратынын да жақсы біледі.
Шаян. Офисте не болып-не қойып жатқанынан түгел хабардар болып отырады. Түбіртектерге қол қоймайтын шығарсыз, бірақ компанияның бюджеті сіздің қолыңыздан өтеді. Барлығы туған күн секілді мерекелік шараларды сіз ұйымдастырғаныңызды қалайды және оны сізден артық атқара алатын адам да жоқ. Себебі сіз жұмыстағы жетекші секілдісіз. Бас директорге теңейді.
Арыстан. Сіз үшін жұмыс деген өнер секілді. Онда ішкі түйсігіңізді жиі қолданасыз. Тек арыстандар ғана шағын компанияны ірі корпорацияға айналдыра алады. Басқалары қарсы тұруға қауқары болмағандықтан, іштарлық танытуы мүмкін. Ал арыстандар ондайларға пысқырып та қарамайды.
Бикеш. Сіз әр іске баспен кіріп кетесіз. Сізден жақсы менеджер шығады. Бірақ жеке жұмыс істегенді тәуір көресіз. Онсыз да қарапайым нәрсені басқаларға қайта-қайта түсіндіре беруден шаршайсыз. Әлдебір техникалық көмек не кеңес керек болған кезде бәрі бірінші сізге келеді.
Жалғасы бар...
Жұмыстастарыңыздың, таныстарыңыздың туған күнін еске түсіріп, айтылғандардың дұрыс-бұрыстығын тексеріп көріңіздер.