Өз жұмысыңызды қатты ұнатасыз, бұндай қызмет иегері болғаныңыз үшін бақыттысыз. Алайда кейде сізге ынта мен күш жетіспей ме?
Жұмысыңызда сәтті болуды армандайсыз, ісіңізді барынша жақсы істеуге тырысасыз. Алайда күнделікті жұмысты бастап, тындырамын дегенше, еріншектік және басқа да себептер жемісті жұмысқа кедергі болады.
Уақыт тапшылығы, күш аздығы, өз ісіңізге қызықпау... Бұл мәселенің себебін тауып, дұрыстауға тырысыңыз.
Сонымен, сізде мынадай белгілер бар ма?
Жұмысты бастамас бұрын, ерекше бір шабыт күтесіз. Күніңізді күнделікті оңай жұмысты орындауға құртасыз, ал ең басты тапсырмаларды, неге екені белгісіз, кейінге қалдырасыз. Маңызды тапсырманы орындауға ниеттеніп отырған сәтте немесе шынымен шабыттанған кездері себепсізден орныңыздан тұрып, өзіңізге шәй қамдай бастайсыз. Ең маңызды деген тапсырмаларды бірінші кезекте жасау керектігін біле тұра, оларды орындамайсыз. Кеңсеңізде біреу көмек сұраса, сіз оған міндетті түрде көмектесесіз, алайда өз жұмысыңызды ондай қызығушылықпен атқармайсыз. Түрлі маңызды тапсырмаларды жасамаудың сылтауларын іздейсіз: уақыт жоқ, көңіл-күй жоқ...Егер осындай белгілер сіздің бойыңызда болса, жұмысыңызға салғырт қарайтындығыңыздың белгісі. Өзіңізді қолға алыңыз!
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: vitaportal.ru