- Негізгі бет
- Психология
- Жұмыста айтуға болмайтын...
Жұмыста айтуға болмайтын сөздер
Жұмыста бір дұрыс емес айтылған сөз сіздің мансабыңыздың болашағын шешуі мүмкін. Сондықтан жұмыста абайлап сөйлегеніңіз абзал. Ал мына сөздерді тіпті айтпаған жөн.
1. "Бұл менің міндеттеріме кірмейді","Маған бұл үшін төлемейді". Сізге расында міндеттеріңізге кірмейтін жұмысты артып қойса да, бұлай айтпағаныңыз жөн болады. Құлаққа оғаш естілетін бұл сөздер сізді жалқау етіп көрсетуі мүмкін. Бұндай жағдайда бастығыңыздан "Бүгінге тапсырмаларым көп еді. Олардың қайсысын бірінші орындағаным дұрыс?" деп сұраңыз.
2. "Уақытым жоқ", "Қолым бос емес". Бұндай сөздер сізді жүйкесі жұқарған, жұмысына селқос қарайтын адам қылып көрсетеді. Шынында шаруаңыз көп болса, "Бұл мәселеге бір сағаттан кейін қайта оралайықшы, мен мына істі бітіріп тастайын деп едім" деп жауап берген жөн.
3. "Бұл жұмыс мен үшін емес сияқты", "Шаршадым".
Бұндай сөздерді айтудан бұрын, қоғамдық желідегі статусыңызға да жазбағаныңыз жөн. "Шаршадым", "Жалықтым" сынды статусты көрген бастығыңыз, сізді жұмыстан шығармастан басқа амал таппайды. Басқа жұмыс жайлы армандағаныңызды басшылығыңыздың білмегені дұрыс.
Жұмыста айтқан әр сөзіңізге мұқият болып, басшылық естуі керек сөздерді ғана айтқан абзал.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: ninehour.ru
С. А