Қызметтің жауапкершілігі артқан сайын, оған қойылатын талаптар көбейе түсетіні белгілі. Superjob компаниясының мамандары түрлі компаниялардан 45 қызмет түрі бойынша: бала тәрбиелейтін адамнан, ірі мекемелердің жетекшілеріне дейін сауалнама алып, оларды талдап шықты. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде, әлеуетті жұмысшыларға қойылатын басты талап – жауапкершілік, тіл тапқыштық және көшбасшылық қасиеттер екені анықталды.
Көшбасшыларды барлық жерде іздейді-міс: болмысынан басшы болу – күзет қызметкерлеріне де, аналитиктерге де, есепшілерге де, банктегі операционисттерге де, тіпті қоймашыларға да қойылатын талап болып шықты. Жұмыс берушілердің 11 пайызы көпшіл бағдарламашыны жалдағысы келеді, дәл осыншама компания тіл тапқыш педагогтарды иеленуді армандайды екен. Өз кезегінде басты қасиет ретінде нақтылық – кеңсе менеджерлеріне тән. Аналитикалық ақыл тек аналитиктерге қажет болса, еңбекке қабілеттілік жүйелік админдерге керек. Ал өзге кәсіптерде жұмыс істейтін адамдарға қойылатын талап әртүрлі болғандықтан, олардың біраз босаңсуларына болады.
Сонымен назарларыңызға сауалнама нәтижесін ұсынамыз.
Кәсіби қабілеттері Пайыз Жауапкершілік 38 Қарым-қатынас құруға бейімділік 27 Көшбасшылық қасиеттер 26 Тыңғылықтылық 9 Дербестік 9 Зерделілік 7 Шығармашылық көзқарас 7 Сабырлық 2 Бастамашылық 2 Ұқыптылық 2Аналитикалық ақыл
1 Мақсаткерлік 1 Пунктуалдық 1 Еңбекке қабілеттілік 1Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: infobusiness2.ru