- Негізгі бет
- Психология
- Жұмысқа тұрарда сұралатын...
Жұмысқа тұрарда сұралатын 5 қиын сұрақ
Жұмысқа тұрарда міндетті түрде жұмыс берушімен әңгімелесу болары анық. Және олар қоятын сұрақтар да ұқсас болып жатады. Өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсету үшін сұрақтарға қалай дұрыс жауап беру керек?
Ең үлкен кемшілігіңіз не?
Мұндай сұрақтар кандидаттың өз кемшілігін мойындап, егер бұл болашақтағы міндеттерін орындауға кедергі келтіретін болса сұрыптаудан шығарып жіберу үшін қойылады. Бұл сұраққа, мысалы, түске дейін өнімділігіңіз ақырындап ояна бастайды, ал түстен кейін екі есе өнімді жұмыс істеймін деп жауап беруіңізге болады. Есіңізде болсын, жұмысқа тұру кезіндегі әңгімелесуде тек жақсы жақтарыңызды көрсетуіңіз керек.
Қандай жалақы алғыңыз келеді?
Мұндай жағдайда жұмыс беруші төлей алар жалақыдан төмен соманы айтып қоюыңыз мүмкін. Мұндай болмас үшін өзіңіз келісе алатын минималды сома мен максималды мөлшерді атаңыз. Егер жұмыс беруші нақты соманы ата десе, осы компаниядағы орташа жалақыдан көбірек соманы айтыңыз. Алдын ала өз салаңыздағы немесе сол компаниядағы орташа жалақы қанша екенін біліп алыңыз.
Неге біз дәл сізді жұмысқа алуымыз керек деп ойлайсыз?
Осы сұраққа алдын ала дайындалып барған жөн. Өз түйіндемеңізді қарап, сіздің жақсы жұмыскер екеніңізді дәлелдейтін 3-5 пункты белгілеңіз. Өткен жұмыстарыңыздағы жетістіктеріңіз нағыз үлгі бола алады. Бұрынғы жетістіктеріңіз сіздің болашақ өнімділігіңіздің нағыз болжаушысы.
Бұрынғы жұмысыңызда не ұнамады?
Мұндай сұрақты жұмыс беруші бұрынғы жұмысына шағым айтып, өзін жаман жағынан көрсетеді деген есеппен қояды. Мұндай сұраққа, мысалы, ол жақтағы шешу керек мәселелер маған аса қиындық тудырмады, сондықтан толыққанды ашыла алмадым деп жауап беріп көріңіз.
5 жылдан кейін өзіңізді қалай көресіз?
Шындығында «Білмеймін» деген жауап дұрыс болса да, ұтымсыз жауап болмақ. «Мен түрлі мүмкіндіктерді қарастырып көрдім, осы лауазымда өзімді сенімді ұстаймын және болашақта өзімді осы компанияның беделді қызметкерлерінің қатарынан көремін» деп жауап беріңіз.
Сурет: sockraina.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina