Бүгінде бәрінің арманы ірі компания қызметкері болу. Алайда, ірі компанияларға жұмысқа қабылданудың қаншалықты қиын екендігін кейде естен шығарып жатамыз. Жеке меншік компанияларға жұмысқа орналасу үшін ең бастысы - сұхбаттан өту.
Ірі компаниялардың жұмысқа қабылдау кезінде қоятын ерекше сұрақтарын ұсынамыз:
Егер сізді қарындаштың көлеміне дейін кішірейтіп, қорамсапқа салып қойса, сіз одан қалай шығар едіңіз? - Goldman Sachs.
АҚШ елінде соңғы 10 жылда не болғанын маған айтып берсеңіз - Boston Consulting.
Ондық шкала бойынша өзіңіздің адекватты еместігіңізді көрсетіңізші - Capital One.
Компьютерді қолданусыз пілдің салмағын қалай бағалайсыз? – IBM.
Осы бөлмеге сіз қанша баскетболшыны сыйдыра аласыз? - Google.
Төбелес өнерінің философиясы деген не? - Aflac.
Егер әр болжамға «төмен» не болмаса «жоғары» деген жеңілдік алар болсаңыз, бірден мыңға дейінгі аралықта жасырылған санды табуға қажетті минималды мүмкіндік санын айтыңыз - Facebook.
Егер сізде қалаған супербатырыңыздың кейпіне ену мүмкіндігі болғанда, ол кім болар еді? - AT & T.
Жарыстың 5623 қатысушысы бар. Жеңімпазды анықтау үшін қатысушылар қанша ойын ойнау қажет? - Amazon.
Сіздің туған күнге арналған тортыңыз бар және оны бірдей 8 бөлікке бөлу қажет. Бірақ, сіз тортты тек 3-ақ рет кесе аласыз. Тортты қалай 8 бөлікке бөлесіз? - Blackrock.
Сіздің қолыңызда 8 мәнет бар. Жетеуінің салмағы бірдей, ал біреуінің салмағы басқаларына қарағанда жеңілдеу. Үш мүмкіндікте жеңілдеу мәнетті табыңыз - Intel.
Неге халықтың кішкене пайызының ғана жылдық табысы 150 мың доллардан жоғары? Қалай ойлайсыз? - New York Life.
Алма 20 цент, апельсин 40 цент, грейпфрут 60 цент тұрады. Сонда алмұрттың бағасы қанша? - Epic Systems.
M & M’s қалай жасалды? - US Bank.
Көкеңіздің пиццериясын мұра ретінде алсаңыз, не істер едіңіз? - Volkswagen.
Ал сен осы сұрақтарға жауап бере аласың ба?
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: romantic-advice.ru