Жұмысқа қабылдау кезіндегі сұрақтар

Жұмысқа қабылдау кезіндегі сұрақтар

Бүгінде бәрінің арманы ірі компания қызметкері болу. Алайда, ірі компанияларға жұмысқа қабылданудың қаншалықты қиын екендігін кейде естен шығарып жатамыз. Жеке меншік компанияларға жұмысқа орналасу үшін ең бастысы - сұхбаттан өту.  

Ірі компаниялардың жұмысқа қабылдау кезінде қоятын ерекше сұрақтарын ұсынамыз: 

Егер сізді қарындаштың көлеміне дейін кішірейтіп, қорамсапқа салып қойса, сіз одан қалай шығар едіңіз? - Goldman Sachs.

АҚШ елінде соңғы 10 жылда не болғанын маған айтып берсеңіз - Boston Consulting.

Ондық шкала бойынша өзіңіздің адекватты еместігіңізді көрсетіңізші - Capital One.

Компьютерді қолданусыз пілдің салмағын қалай бағалайсыз? – IBM.

Осы бөлмеге сіз қанша баскетболшыны сыйдыра аласыз? - Google.

Төбелес өнерінің философиясы деген не? - Aflac.

Егер әр болжамға «төмен» не болмаса «жоғары» деген жеңілдік алар болсаңыз, бірден мыңға дейінгі аралықта жасырылған санды табуға қажетті минималды мүмкіндік санын айтыңыз  - Facebook.

Егер сізде қалаған супербатырыңыздың кейпіне ену мүмкіндігі болғанда, ол кім болар еді? - AT & T.

Жарыстың 5623 қатысушысы бар. Жеңімпазды анықтау үшін қатысушылар қанша ойын ойнау қажет? - Amazon.

Сіздің туған күнге арналған тортыңыз бар және оны бірдей 8 бөлікке бөлу қажет. Бірақ, сіз тортты тек 3-ақ рет кесе аласыз. Тортты қалай 8 бөлікке бөлесіз? - Blackrock.

Сіздің қолыңызда 8 мәнет бар. Жетеуінің салмағы бірдей, ал біреуінің салмағы басқаларына қарағанда жеңілдеу. Үш мүмкіндікте жеңілдеу мәнетті табыңыз - Intel.

Неге халықтың кішкене пайызының ғана жылдық табысы 150 мың доллардан жоғары? Қалай ойлайсыз? - New York Life.

Алма 20 цент, апельсин 40 цент, грейпфрут 60 цент тұрады. Сонда алмұрттың бағасы қанша? - Epic Systems.

M & M’s қалай жасалды? - US Bank.

Көкеңіздің пиццериясын мұра ретінде алсаңыз, не істер едіңіз? - Volkswagen.

Ал сен осы сұрақтарға жауап бере аласың ба?

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: romantic-advice.ru

Ж. FM