Жақсы жұмыс табуға сізге диплом кепіл бере алады деп ойлайсыз ба? Пысық болу, тіл табысу қасиеттері ше? Жұмыс табуда не маңызды?
Сұралғандардың 60%-ы жақсы ЖОО-ның дипломы жұмысқа тұруға кепіл бола алмайды деп айтты. Тек 20% жоғарғы білім басшылыққа маңызды болады деп санайды.
Пікірін білдіргендердің 52%-ы жұмыс беруші адам тек алғаш кездесуде диплом жайлы сұрайтынын айтты. Олардың 25%-ы ғана университеттегі бағалар мен бітіру жұмысының тақырыбы жайында сөз қозғаған екен. Тек 13%-ы мамандығы бойынша тест жазып, білімін дәлелдеу керек болған.
Сұралғандардың көбісі болашақ бастыққа диплом емес, жұмысқа деген қабілеті, сол саладағы тәжірибе маңызды деп санайды. Тіпті дипломсыз жұмыс тәжірибесі бар жандар, дипломдары бар мамандардан асып түсетін көрінеді. Сондай-ақ көпшілік басшылық беделді саналатын қызыл дипломдарға күмәнданып қарайды екен.
Жалып сұралғандардың 74%-ы жұмысқа тұрудағы басты фактор - жақсы тәжірибенің болуы деп санайды. Екінші орында байланыстар мен "аға-көкелер" - 44%. Жеке қасиеттер, мінез жұмыс табуда көмектеседі дейді 43%-ы.
Әрине сұралғандар сәттілік жұмысқа тұруда соңғы орында еместігін айтты.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: ht.ua