Ашық-жарқын мінезді болған жақсы. Бірақ жұрттың сіз туралы барлығын білгені дұрыс па? Кейде оларды құпиялылықпен қызықтырған да жөн сияқты. Егер өзіңіз туралы «Мына адам кім болды екен?» деген пікірді естігіңіз келсе, материалымызды оқыңыз.
1. Жасандылықтан аулақ болыңыз. Өзіңізге ұқсайтын жандарды мүлдем кездестірмедіңіз бе? Олардың ұқсамайтындығы соншалық, өмірді басқа қырынан көре ме? Басқалардан қалай ерекшеленуге болатынын білесіз бе? Олай болса, жасандылық танытпаңыз. Расымен де, ойланып көріңіз. Қыздар мен жігіттердің мінез-құлқында, күн тәртібінде өзгешіліктер өте көп. Сол секілді сіз де әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыңызға, жынысыңызға қарамастан, өзгелерден ерекшесіз.
2. Өзіңізге сенімді болыңыз. Мүмкін жасқаншақтық қанымызға сіңген қасиет болар. Бірақ күшті екенімізді көрсетуге міндеттіміз. Мұнымен қатар, адамдар өзіне сенімді жандарды жақсы көреді. Олар тартымды әрі кез келген жанмен тез тіл табысады. Ал өзін бағаламайтын жандарды жұмбақ адам деп айту қиын. Әдетте, мұндай адамдар «Мен туралы жұрт не ойлайды екен?» деген пікірдің төңірегінен шыға алмай жүреді.
3. Сабырлы болыңыз. Эмоцияға жылдам берілетін жандардың жағдайы айтпаса да түсінікті. Ал сабырлы адамның не ойлап отырғанын анықтау мүмкін емес. Өзін байсалды ұстайтын жандарға жұрт тартыла түседі. Қорқынышты сабырмен сескендіріңіз.
4. Сыпайы болыңыз. Әдетте жұмбақ жанның өткен өмірінде жаман оқиғалар болған шығар деп ойлайды. Сол себепті, шектен шығып кетпеңіз. Дөрекі мінезді шетке ысырып, сыпайы болыңыз.
5. Ебедейсіз болып көрінуден қорықпаңыз. Уақыт өте келе жұрттың бізден нені күтетінін түсіне бастаймыз. Мысалы KFC желісінен тауық жесек, оны сүйегіне дейін мүжіп, артынша итке тастаған сүйектей лақтыра салғымыз келеді. Бірақ бұл әрекетті ешуақытта жасамаймыз. Біз қоғам қалайтын заңдарға сәйкес жүріп-тұрамыз. Десе де бір рет болса да қалжың айтып, ережені бұзуымызға болады.
6. Барлығын бүге-шүгесіне дейін айтпаңыз. Әрине, толық мәліметті барлығы да алғысы келеді. Бірақ, бүге-шүгесіне дейін айтқанша, әңгімелесушіңізге қосымша сұрақ қоюға мүмкіндік беріңіз.
7. Ашық кітап болудың қажеті жоқ. Әңгіме барысында өзіңізді қалай ұстайтындығыңызға мән беріңіз. Сіз үнемі оған қарап отыруыңыз керек.
8. Фактілермен сөйлеңіз. Әңгімені сіз айтып отырған болсаңыз, фактілермен сөйлеңіз. Оларды айта отырып, өзіңіздің жеке пікіріңізді білдірмеңіз. Осылайша әңгімені қызықтыра түсесіз. «Мәссаған, кеше Массагет сайтынан осы деректі оқыдым» демей, орнына «Кей ғалымдардың айтуынша, күніне 1 литр су ішу арқылы артық салмағымыздан арылады екенбіз» деңіз.
9. Өзіңізді күттіре біліңіз. Бастаңғыларға шақырған кезде де сәл кешігіп барып, ертерек қайтып кетуге тырысыңыз.
10. Өткен өміріңіз – сіздің құпияңыз. Мысалы, жаңа үйге көшіп барғанда сізден «Қайдан келдің?» деп сұраса, "Қайдан келгенім емес, қайда келгенім маңызды емес пе?» немесе «Астанадан» сынды сөздермен қысқа да нұсқа жауап беріңіз.
11. Өзіңізге ғана тән стиль қалыптастырыңыз. Біздің кезімізде сән мамандары көп нәрсені айтады. Сол себепті бір емес, бірнеше стильді біріктіріп пайдалануыңызға болады. Немесе әр күні түрлі стильде киініңіз.
12. Әр түрлі хоббимен айналысыңыз. Мысалы, спортпен айналыссаңыз, музыка өнерін немесе өзіңізге жақын тағы да бірнеше түрлерін қатар алып жүріңіз.
13. Бұрын-соңды жасап көрмеген дүниелерді жасаңыз. Сіздің шын мәнінде қандай адам екеніңізді түсінбей дал болады.
14. Эмоцияңызға ерік бермеңіз. Жұрт сізді не ашуландыратынын білген кезде оны қайталап жасай беруге тырысады.
15. Ақырын сөйлеңіз. Даусын қатты шығарып сөйлейтін жандардың жұмбақ болғанын байқағансыз ба? Өзіңізді тыңдата біліңіз.
16. Оффлайнда болыңыз. Әлеуметтік желілерде 5 минут сайын не істеп жатқаныңызды суретке түсіріп, енгізудің қажеті жоқ. Аватарыңызды бірнеше ай бойы өзгертпеңіз. Статусыңызды да сол қалпында қалдырып, ешқандай пікірлер жазбаңыз. Ең маңызды деген дүниелерді ғана жариялаңыз.
17. Іске кірісіңіз. Жұмбақ болып көрінуге көмектесетін тәсіл өте көп. Барлығын да жүзеге асырып көріңіз. Көзілдірік тағыңыз. Классиктердің қанатты сөздерімен сөйлеңіз.
Қосымша кеңестер:
- Жұрттар сөздіктен ғана іздеп табатын сөздерді қолданыңыз;
- Стереотиптерден аулақ болуға тырысыңыз;
- Жұмбақ болуға тырысып жүргеніңізді ешкімге де айтпаңыз;
- Хат жазған кезде қысқарған сөздерді пайдаланбаңыз;
- Шектен шығып кетіп жүрмеңіз. Ата-анаңыз мұны дұрыс түсінбей қалуы мүмкін;
- Жұмбақ адамның да достары көп болады;
- Кейбіреуі бұл мінезіңізді тәкаппарлықпен шатастырып алуы мүмкін.
- Барлығы тек өзіңіздің қолыңызда!
Ал сізге жұмбақ адам болған ұнай ма?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: asianfuse.net