Жұлдыз белгісі бойынша адамның ең нашар қасиеттері

Жұлдыз белгісі бойынша адамның ең нашар қасиеттері
Фото: brigitte.de

Мінсіз адам жоқ деуге болады. Барлығымыздың болмысымызда жақсы қасиеттерімізден бөлек, нашар қасиеттеріміз де кезедеседі. Астрологтардың пікірінше, мұндай қасиеттер адамның жұлдыз белгісімен тікелей байланысты.

Ғылымның психология, философия салалары ғана емес, астрология да мінез-құлқымызды түзеуге көмектесе алады. Сонымен, жұлдыз белгіңізге байланысты төменде аталатын жағымсыз қасиеттер бойыңызда табыла ма? Бірге тексеріп көрелік!

Тоқты

Тоқтылардың ұраны: «Қазір! Дәл қазір!». Олар – ең сабырсыз, ұызба мінезді адамдар.

Егер қандай да бір ой Тоқтыға тиесілі болмаса, мүлдем қызығушылығын тудырмайды.

Тоқтылар өмір бойы тіршілікке ысылмауы мүмкін.

Торпақ

Менмен әрі дүниеқор Торпақтың бала кезінен өзгелермен бөлісуді үйренбегені анық.

Торпақ даулы жағдайда ешқан өз қателігін мойындамайды. Олар – өте қырсық.

Торпақтар – жалқау жандар. Кейде оларды жатқан орнынан тұрғызу мүмкін емес.

Егіздер

Егіздердің бойында бір емес, бірнеше адам тіршілік кешетіндей. Кейде олардың қайсыбірімен қатынас құрғаныңды түсінбей де қаласың.

Егіздермен сұхбаттасқан уақытта сөз шаншар орын да болмайтынына сеніңіз. Олар тек өзі сөйлегенді, өзңн тыңдағанды ұнатады.

Егіздердің әр іске бір әуестеніп, әр шөптің басын шалатын қасиеті бар. Оларды тұрақсыз деуге әбден болады.

Шаян

Шаяндар – өте ерке, міншіл адамдар.

Шаяндардың сақтығы сонша, кейде жылы орнынан сыртқа шығару мүмкін болмайды.

Шаяндар тез өкпелегіш, сезімтал келеді. Кез-келген ұсақ-түйек үшін өкпесі қарайғанша өкпелеуге бар.

Арыстан

Арыстандардың барлығы – шектен тыс менмен.

Арыстандардың арбауына түспеуге тырысыңыз. Егер сізден әлденені алуды көздесе, ойнап, арбап, діттегеніне қол жеткізу үшін көңіліңізден шығуға барын салады.

Арыстандардың Жердің кіндігі болуға тырысуы олар үшін айтарлықтай қиындық туғызады. Сіз Жердің тек Арыстандардың төңірегінде айналатынына сенесіз бе? Ал олар күмәнсіз сенеді.

Бикеш

Бикештермен араласқанда сақтық танытыңыз. Сіз туралы ойы мен сыртыңыздан не айтатынын ешқашан тауып болмайсыз.

Бикештер – перфекционистер. Олар кез-келген ұсақ-түйекке қадалуы мүмкін. Сонымен қатар, кімде-кім оның затын 20 см-ге болсын орнынан қозғаса, ашуға булыққан Бикештің ызасына шыдауға даяр болсын.

Бикештер – тым пессимистер. Егер сәл жабығып, уайымдай қалса, олардың ойынша, бүкіл әлемге ақырзаман төнеді.

Таразы

Таразымен бірге ортақ жоспар құрғыңыз келе ме? Онда жоспарларыңыздың іске асуын өмір бойы күтуге дайын болғайсыз. Таразылар бұл істің артықшылығы мен кемшіл тұстарын ғұмыр бойы сана сарабынан өткізеді.

Таразылар айналасындағыларға ұнау үшін, ұстанымдары мен құндылықтарынан оңай бас тарта алады.

Таразылар сыртқы сұлулылығына сұқтануды ғана біледі. Ал ішінде болып жатқан дүниенің ол үшін еш маңызы жоқ.

Сарышаян

Сарышаяндарды сөзбен де қағытуға тырыспаңыз. Олар – кекшіл әрі қалған ғұмырыңызды тозаққа айналдырады.

Кез-келген Сарышаян – қулық-сұмдық шебері. Айналасындағылардың психикалық ахуалын титықтату олар үшін қиын дүние емес.

Сарышаяндарға «аздап көңіл-күйім болмай тұр» деген ұғым таңсық. Олар үшін мұндай жағдай – түпсіз, шексіз мәңгілікке бастайтын жол іспетті.

Мерген

Мергендер – шамадан тыс тік мінезді. Тіпті, кейде дөрекілік танытады.

«Білгішсымақ» деген сөздің бір ғана мақсатпен пайда болғаны анық: Мергендер мінезін қысқа әрі тура сипаттау үшін.

Мергендер өмірінде қызықты жағдайлар қатары сиресе, мазасызданып, уайымға беріліп, айналасындағылардың тынышын алады.

Тауешкі

Тауешкілердің ұстамды, жинақылығы сонша, олар үшін босаңсу, тынығу ұғымдары – мүлдем жат.

Тауешкілер өз пайдасы үшін кез-келген адамды пайдалана алады.

Тауешкілердің жағымсыз жайларды жаны сүйеді. Тек бір жағымсыз дүние айтсаңыз болғаны, күн соңына дейін өміріндегі таусылмайтын қиындықтар мен жамандықтар жөнінде ұзақ монолог оқуға даяр.

Суқұйғыш

Бұл жұлдыз белгісі өзін әділ, дана жан ретінде қабылдайды. Кез-келген дүниені сынға алып, өз пікірін ғана дұрыс санайды.

Олардың өмірі тек өз саналарында ғана қызықты, ерекше сипатта өтуде. Шындығында, Суқұйғыштар өмірі зеріктіреді.

Суқұйғыштар қашанда кеңес беруге әзір. Бірақ нақты жағдайда адамға не керегін түсіне бермейді.

Балықтар

Ағыспен жүзетін енжар Балықтардың өз бағыт-бағдарынан жаңылысатын жағдайы жиі болып тұрады.

Балықтар ақиқатпен өмір сүрмейді. Сол себепті өзгелердің мұқтаждығын байқамайды да.

Балықтарды ең кәрі, дана жұлдыз белгісі деп санағанымызбен, олар – өте сенгіш әрі алаңғасар.

Дереккөз: stan.kz

О. Сансызбай