- Негізгі бет
- Психология
- Жұбайлар серті...
Жұбайлар серті
Отбасылық өмірде түрлі қиындық кезігуі мүмкін. Арадағы сезім мен сыйластық мықты болса, бірігіп барлығын шешуге болады. Алайда оның алдын алған әлдеқайда жеңіл. Барлық мәселені ұрыс-керіске жеткізбей шешу үшін жұбайлар бір-біріне серт бергені дұрыс. Біз сіздерге бір нұсқасын ұсынып көрейік.
Мен, Б.Бәленшеұлы Т.Түгеншеқызын өмірімнің соңына дейін жан-тәніммен сүйіп өтуге, сонымен бірге іргесі берік отбасы құруға ант етемін. Мына міндеттерді мойныма аламын:
Отбасында жылылық, мейірім орнатуға барынша атсалысу:
реті келген сайын «шуақ шашқан күн» болу;
қиын жағдайларда сабыр сақтау;
кез келген өтінішті байсалдылықпен әрі жұмсартып жеткізу;
Жарыма әрдайым көңіл бөлу:
күн сайын кем дегенде жарты сағат күнді қалай өткізгені туралы ой бөлісіп, кешкі серуен жасап, армандарымызды ортаға салу;
аз дегенде айына бір рет ерекше кеш, тосын сай жасап, гүл сылау;
Денсаулыққа көңіл бөлу:
ішімдік, темекі, есірткі атаулыға жоламау;
күнделікті таңертең жаттығу жасау;
кем дегенде аптасына бір рет дене жаттығуына бірнеше сағат арнау;
ішкі энергетиканы жақсы деңгейде ұстау;
Өмірде жетістікке жету:
отбасын қаражатпен толық қамтамасыз ету – орта есеппен айына 500 000 теңге табу;
алға нақты мақсаттар қойып, күн сайын соған қарай қадам жасау;
жарым екеумізді бірге дамыту, кітап оқу, тренингтерге, спорт залдарға бару;
Отбасында басшы болу:
қиын сұрақтар мен мәселерді мен шешемін;
үйдің иесі мен – пышақ қайраулы, техника жасаулы, обои жапсырулы, шамдар жағуды болады;
Балаларыма үлгілі әке болу:
балаларға көп уақыт бөліп, күн сайын жай-жапсарын біліп отыру;
өзіме де өзгелерге де қатаң тәртіппен қарап, өнеге көрсету;
білімді балалар өсіруге бар күшімді салу;
Анттың жарамдылық мерзімі – мерзімсіз. Мәтін екі жақтың қалауы мен келісімен қарай қайта қаралып, түзетілуі мүмкін.
@. @assel_assanova