«Жоқ» деп айта алмау – әлсіздіктің белгісі. Қанша жерден қолынан келмесе де, «иә» деп артынан қиналып жүретіндер қаншама. Онымен күресу үшін не істеу керек?
Бірден шешім қабылдамаңыз:
Шешім қабылдауда асықпағаныңыз жөн. «Иә» деместен бұрын «Ойланайын» дегеніңіз дұрыс. Дұрыс ойлап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндігіңіз болады. Соңында «иә» дейтін боларсыз, бірақ, өз шешіміңізге күмәнмен қарамайтын боласыз.
Қиналсаңыз да «жоқ» деңіз:
Сіздің қағидаларыңызға қайшы келетін әрекеттер жасалып жатыр ма? Онда қанша жерден сізге қиын соқса да, «жоқ» деп ашығын айтыңыз. Әрине, себебін сұрары анық. Шындықты айтыңыз.
Сіз бір рет «жоқ» дегеннен адамдар сізден алшақтамайды. Керісінше, сізге деген құрметі артады.
Сізге қатысты мәселелер мен өзгенің басындағы мәселелерді ажыратып үйреніңіз:
Идеялар мен жобаларға қатысты жағайларда да осыны ескеріңіз. Сіздің мақсатыңыз бен көзқарасыңызға сәйкес келетін идеяларға ғана келісіңіз.
Егер бұл мәселені шешуге қауқарсыз болсаңыз, бас тартыңыз. Сіз өзіңіздің ісіңіз үшін жауап беретіндіктен, «жоқ» деп айтуды үйреніңіз.
Соынмен қатар, есіңізден шығармаңыз: өзіңізге жүктелген міндеттерді аяғына дейін жеткізіңіз. Барлық дүниенің құйрығынан ұстаймын деп өзіңізді де, өзгелерді де жарға жығып бермеңіз. Өз мүмкіндігіңізше еңбек етуді үйреніңіз.