- Негізгі бет
- Психология
- Жігіттің сырт келбеті...
Жігіттің сырт келбеті маңызды емес (жігіттер үшін)
Кезекті материалымызда ең сұлу деген бойжеткендердің ұсқынсыз жігіттерді өзіне серік қылу әдетін сөз етеміз. Расымен де, көшеде қол ұстасып кетіп бара жатқан ғашықтарға зер салыңызшы. Әдетте қыз сұлу, жігіт ұсқынсыз болады. Ал мұның себебі неде екен?
Барлық бойжеткен жауырыны қақпақтай, еңселі жігіттерді ұнатады деп ойлайсыз ба? «Ия» деп жауап берген болсаңыз, қатты қателесесіз.
Сүйіктіңізбен көше бойында кетіп бара жатқан кезде, қыздарымен қол ұстасып келе жатқан жігіттердің сіздің қызыңызға ұрланып қарағанын көресіз. Жанындағы аруы өзінен де сұлу болса да, өзгенің қызына көз салатын әрекетін түсінбей дал боласыз. Әрине бойжеткендерді сұлулық қызықтырмайды демейміз. Олар үшін сырт келбет өте маңызды. Алайда бұл жігіт өзінің көңілін аулағанға дейін ғана маңызды болады. Артынша бұған назар аударып әуре болмайды.
Бойжеткендер үшін жігіттің қоғамдағы дәрежесі үлкен рөл ойнайды. Бұл жерде Алматының немесе Астананың қақ төрінде орналасқан үйі, қымбат көлігі туралы айтып жатқанымыз жоқ. Қоғамдағы рөлі деп оның қарым-қатынасқа түсе білу қабілетін меңзеудеміз. Жігіт бойжеткенге тартымды болып көріну үшін беделді адамдармен сөзін жарастырып, сүйіктісін күлдіріп, өзін барынша сенімді ұстай білуі қажет.
1. Тартымды болып көріну, көрінбеуі жігіттің өз қолында
Бойжеткендерді жігіттердің көшбасшылық, қалжыңға бейімділік, қоғаммен тығыз байланыста болу сынды қасиеттері қызықтырады. Яғни жігіттер осы қасиеттерді игеру арқылы бойжеткендердің жүрегін жаулай алады.
2. Сырт келбетті өзгерту мүмкін емес
Адамның жаны, жүрегі сол күйінде қалуы мүмкін. Ал сырт келбет күн сайын өзгеріп отырады. Мүмкіндік туып жатса, өзімізді өзгертіп қалуға барымызды саламыз. Шаш үлгімізді, киімімізді, мүсінімізді түрлендіреміз.
3. Бойжеткендердің түйсігі өте жақсы жұмыс істейді
Олар сүйіктісінің өмір бойы осы қалпында қалмайтынын ақылмен де, жүрекпен де сезінеді. Ең бастысы, осыған бой ұсынады. Оның мұрты өсіп, шашы түсіп, қарны қампиатынын біледі. Сол себепті екпінді жігіттің сырт келбетіне түсірмейді.
4. Есіңізде болсын!
Қыз қауымы тұлға болып қалыптасып үлгерген жігіттерді ұнатады. Тұрақтылық, табандылық, көшбасшылық сынды қасиеттерге қызығады. Сондықтан барлығы тек өзіңіздің қолыңызда!
Ал Сіз қалай ойлайсыз? Қыздарға жігіттің сырт келбеті маңызды ма?
Сурет: Любовь Харламова, Болат Срымов
Қ. Бүйенбай