Жігіттің жұлдызнамасы не дейді?

Адам өзі қандай болса, өмір жолында да дәл сондай адамдар жолығады екен. Бүгінгі таңдағы басты мәселе – жігіт таңдау, жар таңдау. Жігіттерді күнделікті әрекетінен бөлек жұлдызды белгісіне қарап та анықтауға болады. Ол үшін жұлдызнамасын біліп алсаңыз болғаны.

Тоқты – ішкі рухы мықты. Әрдайым қозғалыста жүреді. Сезімтал, қиялы күшті болады. Олармен ешқашан ішің пыспайды. Көшбасшылық қасиеті де басымырақ. Оларға тәрбиелі, ақылды, көрікті қыздар ұнайды. Тоқтыларды көбірек мақтау керек. Өте намысшыл болып келеді. Олармен сөйлесу барысында әр сөзге мұқият болған жөн.

Торпақ – өте адал. Жігіттен бұрын сенімді дос бола алады. Айтқан сөзінде тұрады. Олардың бойында екі сөйлеу болмайды. Десе де қырсықтығы бір басына жетеді. Оларға күлімдеп жүретін, қалжыңды түсінетін қыздар ұнайды. Олармен кездесуге бара қалсаңыз шалбар емес, нәзік көйлек кигеніңіз абзал.

Егіздер – ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары болып келеді. Кез келгеннің көңілін таба алады. Оларға құпия сақтай алатын, биязы қыздар ұнайды.

Шаян – романтикаға жақын, қиялшыл, ойшыл болып келеді. Өте бауырмал. Оларға әңгімесін аяғына дейін тыңдай алатын, мейірімді қыздар ұнайды.

Арыстан – өзіне сенімді. Тым тәкаппар келеді. Өзіне назар аударту мақсатында түрлі әрекетке баруы да ғажап емес. Оның талаптарына сай болу үшін өзіңді үнемі жан-жақты жетілдіріп отыруың қажет.

Бикеш – тәртіпті әрі өз ісіне мұқият болып келеді. Оларға салмақты, сөзі мен ісі келіскен қыздар ұнайды.

Таразы – сүйкімді, ақжарқын, тез тіл табысып кететін  қасиеті бар. Жаны әсемдікті сүйеді. Мәдениет пен өнерді өте жоғары бағалайды. оларға өзіндік стилі қалыптасқан, жеке пікірін ашық айта алатын қыздар ұнайды.

Сарышаян – өздерін құпия ұстайды. Қанша ізденгеніңмен, шынайы бет-бейнесін табу қиын. Олар тек өз қалауы бойынша қыз таңдайды. Ешкімді тыңдамайды. Сондықтан оны түсіне білу керек.

Мерген – қайратты жігіт. Үнемі еңбектеніп жүреді. Жаңаны біліп-тануға жаны құмар. Оларға ақылды, ақжарқын мінезді қыздар ұнайды. Алайда тұрақсыздау келеді. Осыны ескерген жөн.

Тауешкі – өзінің жан-дүниесіне, рухани өміріне көп көңіл бөледі. Қиналған сәтте жаныңнан бірден табылады. Тез ренжіп қалатын қасиеті де бар. Оларға шыдамды, жылы жүзді қыздар ұнайды.

Суқұйғыш ˜– табиғатынан әртістік қабілеті бар. Еркіндікті жақсы көреді. Оларға қызғаншақ емес, ашық, мейірімді қыздар ұнайды.

Балық – өте ақкөңіл. Жан-жақты дарынды келеді. Шығармашылыққа өте жақын. Сол үшін де шығармашылықты түсінетін қыздарға бейім болады.