Сені ұнататын, бірақ сен ұнатпайтын жігітті ренжітіп алмай бетін қайтару үшін «Жоқ» сөзін басқаша жеткізу керек. Біз саған жігіттің бетін қайтарудың 10 әдісі жайлы айтып береміз. Мұнда екі әдіс бер: біріншісі – аса бас қатырмау, ал екіншісі – бас қатыру. Бәрі жағдайға және сені кездесуге шақырып жүрген жігітке байланысты. Әлбетте, жаңа танысқан жігітпен және бұрыннан араласатын жігітпен әртүрлі сөйлесесің және әрқайсына айтар жауабың да әртүрлі болмақ.
1. Жігітім бар деп айт
Таныс емес жігіт кездесуге шақырып тұрса, осы нұсқаны пайдалансаң болады.
2. Уақытым жоқ деп ақтал
Жігітпен жүретін қазір мүлде уақытыңның жоқ екенін, емтихандарға дайындық, тест тапсыру, шет тілін оқу, жаттығуларға қатысу сияқты сылтауларды айтуға болады. Егер ол бір рет серуендеп қайтуды ұсынса, оған да уақытыңның жоқ екенін айт. Және ешбір жағдайда болашақта, бәлкім, киноға барармыз деп үміттендірме. Бұлай десең, тағы қиындық тудырып аласың. Сенің немқұрайлығыңды сезіп, ол өзі түсінуі керек. Ал егер ол «Неге өтірік айтасың? Уақытың тек мен үшін жоқ қой!» деп байбалам салса, мұндайларға қаталдық таныту керек.
3. Әңгімені қолдама
Бұл үндемей отыру керек дегенді білдірмейді, тек ортақ әңгіме жоқ сияқты әсер қалдырады. Ол көл-көсір әңгіме айтуға тұрарлық қызықты сұрақтар қойса да, жауап берме. Дөрекі сөйлеме, тек қысқа сөйле. Үнсіздік ұзаққа жалғасқанда, жігіт өзі беріліп, сәттілік тілеп, жайыңа қалдырар.
4. Құрбыңды көмекке шақыр
Біріншіден, бұл жігіт оған ұнап қалуы мүмкін. Ал егер жоқ болса, онда ол өзін екеуіңнің ортаңда артық адам санасын. Өз тақырыптарыңда әңгімелесіп, оған мән бермей қойыңдар. Ол өз дәрменсіздігін сезіп, сендерді жайына қалдырады. Болмай жатса, «құрбым екеуміздің маңызды әңгімеміз» бар деп тіке айтсаңдар да болады.
5. Жай ғана кетіп қал
Бұл ең дөрекі нұсқа болғанымен, кейде тек осы әдіс құтқарады. Жігітке маған кету керек деп, кетіп қал. Сен үйіңе барып демалуға кетіп бара жатқаныңды білмейді ғой, бірақ ренжитіндей ештеңе жоқ. Ең бастысы, осы кеште ол жігітпен қайта кездесіп қалмасаң болғаны.
6. Сен оған лайықты емес екеніңе сендір
Егер бұл жаңа танысқан жігіт емес, бұрынғы танысың болса – мәселе қиындайды. Әсіресе, егер ол саған жігіт ретінде ұнамайтын болса. Екеуің бір-біріңе мүлде сай емес екендеріңе сендір. Оған ұнамсыз қылықтар жаса (бұрынғы досың болса, оған қандай қыздар ұнамайтынын білуің керек). Және сен оған лайықты адам емес екеніңе сендіре бер.
7. Оған басқа қыз тауып бер
Бұл нұсқа қиын болса да, 10% жағдайда ұтымды. Егер қыр соңыңнан қалмай жүрген жігіт әбден мезі болса, өзіңді алмастыратын қыз ізде. Бәлкім, махаббатты аңсайтын, оған лайық қызбен ол екі есе бақытты болып кететін шығар?
8. Басқа біреуге ғашықпын де
«Жігітім бар» деген сылтауды елемейтін жігіттер де болады. Онда бұл мәселеге басқа жағынан қарайық. Басқа жігітке өлердей ғашықпын деп айт. Төсегіңнің дәл жанында оның суреті ілініп тұрғанын және әр түн сайын оған қайырлы түн тілейтініңді, жалпы өліп-өшіп сүйетініңді айт. Бұл қайтпас-қайсар жігітке ұнамайтыны анық.
9. Есі дұрыс емес адам сияқты әрекет жаса
Оған антидепрессанттар ішетініңді, 20 қабаттық үйдің шатырынан құламақ болғаныңды және т.с.с. қайғылы оқиғаларды баянда.
10. «Жоқ» деп айтып көр
Кейде жігіттің көңілін қалдырғың келмейді. Бірақ көбіне олар тұспалдап айтылған дүниені түсінбейді. Сондықтан, кейде айықтыратын «Жоқ» сөзі барлық әдістерден жақсы жұмыс істейді. Ең бастысы, дөрекілік танытпау. «Сізбен танысуға бола ма?» деген сұраққа биязы түрде «Жоқ, рақмет» деп; «Бәлкім, бір жерге барып қыдырып қайтармыз?» дегенге, «Кешір, бірақ барғым кеп тұрған жоқ» және тағы басқалай жауап береміз.
Дайындаған: Диана Мамытбекова
Сурет: vk.com