Кей кезде сүйіктіңізге сыйлық жасау керемет сезім. Тіпті ешқандай себепсіз. Бірақ себепсіз жасалған сыйдың да, себебімен жасалатын сыйдың да өз шегі болады. Ең бастысы «көңіл ғой» деген ұғымды да аздап ұмытқан дұрыс болар. Өйткені сіздің «романтикалық сыйлық» деп ойлаған сыйыңыз сүйіктіңізге мүлде басқаша әсер етуі мүмкін.
1. «Жүрек» тәрізді бұйым беру
Жігіттің ойы: бұл ең бастысы жүрек қой. Яғни махаббаттың символы. Оның үстіне жүрек біздің сүйіктімізді сүюге деген ынтамыз. Ал бұйымды оған сыйға беру махаббатымды көрсетумен тең.
Қыздың ойы: Бастысы шын көңілімен жасағаны. Бірақ мұндай дүниелер ендігі сезімді айшықтай алмайды.
2. Бір апталық демалысқа арналған екі бірдей билет беру
Жігіттің ойы: мен бір ай бұрын осы күнді жоспарлап дайындалдым. Сенің шет елге барып демалғың келіп еді ғой. Кеттік онда!
Қыздың ойы: жалпы бұл романтикалық ұсыныс. Дегенмен маған уақыт керек еді. Екеуіміз болып маған киім, күннен қорғанатын кремдер, жағалауға арналған заттар алуымыз керек еді. Екеуіміз болып барар жерді таңдауымыз керек еді.
3. Ол үшін біреумен жұдырықтасып қалу
Жігіттің ойы: көптеген романтикалық фильмдерде жігіт сүйіктісі үшін төбелесіп, ерлік жасап жатады. Сол кезде қыз өзін қорғауға алған адамның иығына бас сүйеп, одан көп нәрсе күтеді. Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған секілді.
Қыздың ойы: иә, жігітіңнің сен үшін төбелеске баруы керемет сезім. Бірақ бұл ақиқатында қыз атаулыға ұнай бермейді. Қыздың санасында жігіті тек қатігез әрі болашағы бұлыңғыр адам секілді қалыптасады. Өйткені төбелескен соң ол темір торға қамалады, ол шыққанша... деген секілді ұсақ ойлар бар.
4. Ойыңа келгенді жаза беру
Жігіттің ойы: сүйіктіңе ашық әрі шынайы болған жақсы. Ішкі сезімдерімізді жеткізіп, әрдайым айтып отырсақ ол керемет дүние болар еді.
Қыздың ойы: егер сенің ойыңда екеуіміз бөлісіп шешетін дүние болса бұл шынымен жақсы. Бірақ тоқтаусыз жаза берсең де дәмі кетеді. Қайта-қайта жазу, ішіңдегіні ақтара беру қызық емес. Жігіт бол!
5. Ескертусіз үйіне келіп тұру
Жігіттің ойы: аяқ асты үйінің алдына келіп, оны кездесуге шақыру нағыз романтика емес пе?!
Қыздың ойы: негізінде аяқ астынан жігітің бір құшақ гүлімен келіп тұрса, көңілің босамай қайтсін. Бірақ дәл сол кезде мен ыңғайсыз жағдайда болуым мүмкін ғой. Мәселен, жуынып жатамын немесе бетімде маска болуы мүмкін. Ал бұл жағдайда асықтыру менің жүйкеме тиеді.
6. Ескертусіз жұмысына жетіп келу
Жігіттің ойы: сүйіктімнің шаршап отырған кезінде менің жетіп келуім оны қуантатын болар. Сыртқа алып шығып тамақтанып қайтсақ та оның көңілі көтеріліп қалар еді.
Қыздың ойы: бұл бір жағынан жақсы. Бірақ менің жұмыста қарбалас кезіме тура келсе, мен шыға алмасам, тіпті уақыт бөле алмасам, біріншіден жігітке одан маған жаман. Ыңғайсыздық туындауы мүмкін және арты ұрысқа алып келуі де ғажап емес.
Құрметті жігіттер қауымы, жеті рет өлшеп істеген істің арты тәтті болады!