Жігіттердің отбасын құрмай ұзақ жүруіне не себеп?

Жігіттердің отбасын құрмай ұзақ жүруіне не себеп?
Фото: Вконтакте

Қоғам болғаннан кейін оны жасаушы адамдардың өз міндеттері бар. Ердің де әйелдің де алдына қойған мақсат-мүддесі бар. Ердің міндеті  – жақсы жар тауып отбасын құру. Әйелдің міндеті – тұрмысқа шығып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыру. Бұл ең қарапайым міндеттемелер. Басқасын қаза берсек мың түрлі тақырыпқа тұздық болары анық. Бірақ өздеріне жүктелген міндетті орындаудан бас тартып немесе орындауға мүмкіндігі болмай жүрген жігіттердің қатары бар. Қазір елімізде 25 жастан асқан бойдақтардың саны – 3 миллион. 14 пен 29 жас аралығындағы бойдақтар саны – 4 миллион 616 мың. Мұның ішінде ерледің үлесі – 2 миллион 337 мың. Ал сұр бойдақтардың саны 500 мыңнан асады. 

Бойдақтықпен қоштаспаудың себебі не? 


«Жағдай жасап алайын...» 

Ең бірінші себеп жігіттің психологиясында. Адам өзіне-өзі жауап беретін тұлғалық қасиетке жетпейінше біреудің жауапкершілігін арқалай алмайды. Бұл – заңдылық. Ал кей жігіттер бұл заңдылықты ұзағынан созып жібереді. Мәселен өздерінің әлсіздігінен «жағдай жасап алайын..» дейтін сылтаудың жетегінде жүреді. Бұл қазіргі бойдақ жігіттердің ең ұтымды жауаптары. Бірақ үй болу жағдайдың төмендеп кетуіне себепкер болады дейтін ұғым жоқ. Ал мұны біз ескермейміз. Жігіттердің бұл сылтауға баруына қыздардың да себебі жоқ емес. Жақсы көріп жүрген болашақ жарыңыз үшін бәріне дайын болсаңыз оның қалауын да орындап беруге ұмтыласыз. Мәселен ол сізден көлік, үй, ақша, жақсы жұмыс талап етуі мүмкін. Ал бұлардың бәрі сізде болмаған соң сіз өзіңізге қанағаттанбайсыз. Ең дұрысы бәріне сабырлық танытыңыз. Бәрі жақсы болады деп оны да өзіңізді де сендіріңіз. 
Бойдақ өміріңізде қалыптаспай жүрген жағдай басыңыз екеу болған кезде жасалады. Сеніңіз. Қазақ «бас екеу болмай мал екеу болмас» деп бекер айтпаған. 
Бойдақ өмірдің желіктігі 

Жігіттердің үйленбей көп жүруіне тағы бір себеп бойдақ өмірдің желіктігі. Себебі ішкені артта, ішпегені алда ұғымын кешу кімге болмасын жақсы көрінуі мүмкін. Сізде бәрі бар. Материалдық құндылығыңыз қанағаттанып тұрса оны басқа бір қыздың қолына байлап берудің қажеті не. Бұл бүгінде қалыптасып келе жатқан түсінік. Таң қалатыны жоқ қазіргі шет елдік фильмдердің көбі осы идеология негізінде жасалып жатыр. Олардың түсінігіндегі «бойдақ өмір» әркімнің демократиясы. Үйлену және ұрпақ сүю басты орында емес. 
Өз дәстүріңмен өмір сүру елге құрмет және отбасыңның берекесі. Бойдақ өмірдің ұзаққа жалғасуын діннің өзі қолдамайтынын ескеріңіз. 
Талғампаздық 

Талғампазық – ең үлкен себеп. Өйткені жігіттің жасы 25- тен асқаннан кейін оның бойында талғампаздық қасиет пайда болады. Бұл қасиет психологияда және ғылымда адамның ақыл тоқтатып, жетілуі деңгейі деп көрсетіледі. Ендеше ақыл тоқтатқан жігіт өзінен кіші қыздың бойынан мін іздеуге талпынып тұрады. Оны жақсы жағынан ғана қабылдай алмайды. Қай кезде болмасын қателік іздеуге тырысады. Бұл жігіттің қалауы емес, талғампаздық қасиетінің еркісіз орындалуы. «Таңдаған тазға жолығады» дейті сөздің жөні бар. 

Талғамға сай қызды уақытында табыңыз. Сіз де жас ол да жас өмірге бір көзқараспен қарай отырып бақытқа жете аласыздар. Ал отбасын құру және ұрпақ сүю оны тәрбиелеу отан алдындағы борыш деп түсініңіз. 

Жігіттер қауымы, борыштарыңызды орындауға асығыңыздар! 

М. Ақан