Жігіттердің көзқарасында қыздарға қатысты көптеген стереотиптер қалыптасқандығын білеміз. Бүгін осы қатып қалған көзқарастарды бұзуға тырысып көреміз.
1. "Қызды 'сындырудың' универсал әдісі бар". Бұл туралы пікірлердің көптігінің өзі бұл ойдың миф екендігін дәлелдейді. Шындығында қыздың көңіліне әсер ететін нюанстар өте көп. Және сол ұсақ әрі көп нюанстардың әрқайсысы түпкілікті нәтижеге өте қатты әсер етеді.
2. "Қыздардың барлығы сәл нәрсеге айқай-шу шығаруға дайын тұрады". Долы сөзінің жігіттерге қатысты қолданылмайтындығының да өз себебі бар. Бірақ іске келгенде қыз балалардың жүйкесі жігіттерге қарағанда мықтырақ болып келеді. Мысалы арулардың ұсақ, ісі көп жұмыстарды еш жалықпай істей беретіндігі, өмір қиыншылықтарына шыдай білетіндігі сөзімізге дәлел бола алады.
3. "Қыздар техниканы түсінбейді". Бұл мифті жігіттер қауымы өте жақсы көреді. Бірақ олардың көпшілігі алғаш бағдарламашының әйел адам болғанын біле ме екен?
4. "Қыздың барлығы косметика пайдаланып, апта сайын киім алмаса, өмір сүре алмайды". Шындығында модадағы тенденциялар мен косметикаға назар аудармайтын қыздар жетіп артылады. Бір жағынан алып қарағанда қарама-қарсы жынысқа ұнауды мақсат қылу барлық адамға тән. Тіпті жігіттерге де.
5. "Қыздар арасында достық жоқ". Иә, қыздар өздерін өзгелермен салыстырып, дамып отыруды жақсы көреді. Бірақ бұл достықтың жоқ екендігін білдірмейді. Шындығында қыздар бір-бірімен өте тез және оңай достасып кете береді.
6. "Қыздардың барлығы тек тұрмыс құру туралы ойлайды". Бұл сөзді өзінің таңдауына күмән келтіретін жігіттер шығарған дер едік. Шындығында арулардың бұдан басқа да проблемалары жетіп артылады.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
сурет: mail.ru