Жігіттердің жүрегін жаулау үшін...

Кез келген ару сұлу әрі тартымды болуды армандайды. Алайда кейбір қыздар табиғатынан сұлу болса да, өз махаббатын кезіктіре алмай жүреді. Осы орайда жігіттердің жүрегін жаулайтын бірнеше әдісті назарларыңызға ұсынамыз.

Сұлу болу

Қанша дегенмен ер адамдар ең алдымен нәзік жандылардың сырт келбетіне назар аударады. Содан соң жан дүниесіне үңіледі. Ер адамның көзіне түсу үшін, өзіңізді күту керектігін түсіну керек. Таңертең шашты қалыпқа келтіріп, жеңіл макияж жасап, өзіңізге ұнамды әтір сеуіп шығыңыз. Бұл әрекет біреудің көзіне түсуден гөрі өзіңізді сенімді сезінуге себепші.

Ерекшелену

Сұлулық, әрине, жақсы ерекшелік. Алайда, бұл әлемде әдемі әйелдер аз емес. Сондықтан өзгелерден ерекшелейтін қасиетіңіз болуы керек. Ондай қасиет әркімде әртүрлі. Бірінің күлкісі құлаққа ерекше жағымды болса, бірінің қылықтары тартымды.

Жүру мәнері

Туфли киіп, сәнбике секілді жүруді үйрену аса қиын емес. Алайда оны үйренудің кейде пайдасы да болмай қалады. Себебі, биік өкшелі туфлимен қиналып жүргеніңіз көзге көрінбесе де, сезіледі. Ал өкшесіз аяқ киіммен-ақ ұқыпты, жеңіл әрі көз тартарлық жүріс көптеген адамның назарына ілінетіні сөзсіз. Сондықтан сенімді жүру мәнері кез келген аруға қажет екенін естен шығармаңыз.

Күлімсіреу

Нәзік жандының сұлу жүзіне көрік берген әдемі күлкісі кез келген ер адамның жүрегін жаулай алады. Күлімсіреп, жайдары жүретін адам ашық-жарқын диалог құра алатындықтан, адамдар да сондай адамға қарай тартылады.

Өзіне күтім жасау

Ұйпа-тұйпа шашпен, халатпен ер адамның алдында жүру дұрыс емес. Киініп, боянуға көңіл-күйім болмай тұр деп, тозығы шыққан свитер мен джинсы шалбарын кие салу әдетін де қою керек. Сіз қоғамда өмір сүретін болғандықтан, жұртқа "қалай болса, солай" киінген адамды көру жағымсыз екенін ескеріп, 30 минутты жиналуға бөлгеніңіз абзал. 

Жалғасы

Сурет: ©Владислав Кершман

Оқи отырыңыз:

Жігіттерге қандай қыздар ұнайды?

Жігіттерге бикештердің қандай киімдері ұнамайды? #2

Жігіттерге бикештердің қандай киімдері ұнамайды?

Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды?

Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды? #2