Жігіттердің жаратылысы

7 мамыр жер әлемдегі азамат атағын арқалаған қауымның мерейлері таситын күн. Әлбетте, әйел мен еркек бір-бірінсіз күш кеше алмайтын жаратылыс болса да, жұмыр жерге тараған айтулы аңыз «Әйелдер еркектің қабырғасынан жаралған» дейді... Атам қазақ ұрпағын ердің төбесі көрінгеннен-ақ алдынан кесіп өтпей, ізет көрсет деп тәрбиелеген...Біз отбасының құламас тірегі, сұламас сүйеуі болған ер азаматтарды осы бір мерекемен құттықтай отырып, Массагет.кз оқырмандарының назарына ер жігіт болмысындағы кейбір қағидаларды ұсынсақ дейміз.

Ер адам - өз-өзіне өте сенімді жан. Кейбіреуінің сенімді екені соншалық, теледидардан спорт бәсекесін қарап жатқанда, шынымен жанкүйер болсам, командамның жеңіп шығуына көмектесе аламын деп ойлайды.

Ер адам тығырыққа тірелгенде ғана тамақ пісіреді.

Жігіт сөйлесіп тұрғанда шалбарының белбеуін ұстай берсе, қыздың назарын өзіне аударғысы келіп тұр деген сөз.

Жігіт көптің алдында өзін қыздың басқарғанын ұнатпайды. Жігітіңізге көптің көзінше ақыл үйреткеннен абай болыңыз. Жұрттың алдында жігіт өзін қалай ұстау керектігін біледі.

Еркектер де сезімтал. Егер еркек от тұтатса, соңғы ағаш бықсып жанбай қалса, ағаштың жанбай қалуына өзін кінәлі деп есептейді.

Барлық жігіт өзін жақсымын деп ойлайды.

Жігіттер смс-хат жазғаннан гөрі, тікелей қоңырау шалғанды ұнатады.

Еркектердің көбі дүкенге баруды аса ұната бермейді.

Төрт еркектің басы қосылса, спорт туралы әңгімелеседі. Ал төрт қыздың басы қосылса, олардың айтатын әңгімелері – жігіттер.

Егер жігіт қыздың нөмірін алып, хабарласпай қойса, ол телефон нөмірін жоғалтып алды деген сөз емес. Жай ғана хабарласқысы келмегенін білдіреді.

Жігіттер жеңілгенді жек көреді.

Жігіттерге өзіндік жеке пікірі бар қыздар ұнайды.

Еркек қауымы – аңқау халық. Бала көңіл. Олар комплиментті ерекше қуанышпен қабылдайды.

Әзіл-шыны аралас...

Жігіттер:

- Кофе сияқты: сүйген жігітің түні бойы ойыңнан кетпей, ұйқы бермейді;

- Компьютер сияқты: оларды түсіну қиынның-қиыны әрі есте сақтау қабілеттері нашар-ақ.

- Банк карточкасы сияқты: ақшасыз түкке татымайды.

- Макияж сияқты: ешқашан ұзақ уақыт тұрақтамайды.

- Жұлдыз-жорамал сияқты: саған үнемі кеңес берсе де, үнемі қателеседі.

- Ауа-райы сияқты: ешбір тәсіл арқылы оларды өзгерте алмайсың.

- Дәрігерлер сияқты: ешқашан не айтқылары келгенін түсініп болмайсың.

- Адвокат сияқты: не айтсаң да, ақталудың жолын табады.

- Дельфин сияқты: айрықша ақылдымыз дейді, бірақ бұны әлі ешкім дәлелдеген емес.

сурет: photo-men.com,mail.ru