- Негізгі бет
- Психология
- Жігіттер статистикасы...
Жігіттер статистикасы
Жігіттер жайлы қызықты фактілер топтамасын жалғастырайық.
- Бойдақ жігіттердің жартысынан көбі 27 жасына дейін ата-анасының үйінде тұрады екен.
- Ерлердің 60%-ы қыз танысуға ниетін білдірсе, қуанышты болады.
- Жігіттерге онымен келіспей, өз ойын айтуға қорықпайтын қыздар көбірек ұнайды-мыс.
- Жігіт неғұрлым жас болса, соғырлым істері ессіз болады. Олардың бұзақылығы 25 жасқа қарай тоқтайды екен.
- Жігіттер қыздармен алғашқы қоңырауларын 10 минуттан арттырмауды дұрыс санайды.
- Бойдақ жігіттердің үштен екі бөлігі тұрақты қарым-қатынас жайлы армандайды екен.
- Жігіттердің үштен бірі өмірінде бір рет болса да қызға өтірік айтқандарын мойындайды.
- Жігіттердің көбісі үйленуге ең жақсы кез 25-30 жастың аралығы деп санайды.
- Шын мәнінде олардың жартысынан көбісі 25 жасқа дейін үйленіп қояды.
- Енді айырылысқан жігіт қыздан гөрі жаңа қарым-қатынасты тезірек табады екен. Бұл жігіттердің қыздармен салыстырғанда жалғыз қала алмайтынына байланысты.
- Жігіттердің 70%-ы үйленбеуінің себебі ретінде өзінің жеке пәтерінің болмауын көрсетеді.
- Бойдақ жігіттердің үштен бірі өзін нағыз романтик деп көрсетеді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: globuslife.ru
С. А