Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 75% жігіттер өздерін романтикпіз деп ойлайды. Бірақ оларда дәл осы сезімтал қасиеттің бар екендігін қыздар қауымының 40%-ы ғана мойындайды.
Жігіттер романтика деп ерекше қамқорлық көрсетуді, жылы сөздердің жиі айтылуын түсінеді. Абайсызда ауруханаға түсіп қалған сүйіктісіне құрбысы өз қолымен дайындаған тамақ алып келсе, дәл осыны ерекше қамқорлық ретінде бағалайды. Яғни, өз қолымен ас дайындау - романтика. Бұл жатақханада тұратын студенттерде көбірек байқалады.
Олар қыздардың романтикасын түсінбеуі мүмкін
Жігіттер батыл қыздарды ұнатады. Олардың тосын сыйларының да үлкен болғандығын қалайды. Мысалы, қыздарының өздерін әрдайым бірге қолдап, экзамендерден шыққанға дейін күтіп отырғандығына немесе көлік жүргізу куәлігін алуға бірге барғандығына мән бермеуі мүмкін.
Көп жігіттер романтиканы тосын сыймен байланыстырып, сүйіктілеріне тосын сый жасауға ұмтылады. «Ал қыздар қауымының олардың қызығушылығына сәйкес тосын сыйларды таңдай білгені жөн» дейді психолог мамандар. Сүйікті ақынын немесе жазушысын білген соң, сол жазушымен болатын кездесулерге немесе сүйікті шығармасы орындалып жатқан қойылымдарға шақыруға болады. Оның бұны алдын ала білмеуі маңызды. (Жігіттер қауымы да сүйіктілерін бір жерге шақыруға қысылады).
Бір қызығы жігіттерге пайдалы сыйлықтар ұнамайды
Олардың түсінігінде романтика сыр жазуға болатын күнделік немесе әрдайым пайдаланатын белдік емес, керісінше ол армандап жүрген зат. Бұл бағалы әрі соңғы үлгідегі ұялы телефондар болуы мүмкін.
Гүл романтикаға жат
Гүл сыйлауды жәй ғана ақшаны шығындау деп ойлаулары мүмкін. Әсіресе, мерекелерде емес жәй ғана сыйлаған кездерде.
Қиындық – нағыз романтика
Сүйіктілеріне қиын істерді оңай орындап, батыл көрінуге тырысады.
Олар қошемет айтуға қиналады
Достарының арасында өзін еркін ұстап, көп сөйлегенмен, бетпе-бет қошемет айтуға қиналады. Әдетте ұялы телефон арқылы жазып жібереді.
Бұл күлкілі болып көрінетін шығар, алайда көп жігіттер өлең айтуды ұнатады
Әсіресе, гитара мен домбырада ойнай алатын жігіттер. Гитарада сезім жайлы әндерді еркін айтуға болады. Ал домбырада сәл өзгешелеу. Ғашықтардың тағдырын баяндайтын дәстүрлі әндерді орындайды.
Би билеуді ұната бермейді
Бастапқыда ұялғанымен, артынша билеп кетуі мүмкін.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: news.nur.kz, dekatop.com