Бір-біріне ғашық жандарға қызыға қарайтынымыз рас. Олардың оңай тіл табысуы мен талғамдарының ұқсастықтарына қарап, бір-бірі үшін жаратылған екен деп ойлап та жатамыз. Алайда, ғалымдардың зерттеуі бойынша ер азамат пен арулар әртүрлі ғашық болады екен.
Жігіттер үшін махаббатта алдыңғы кезекте сенімділік тұрады екен. Егер өзінің ұнатқан сұлу "Мен сізге қатты ризамын", "Сенімімді ақтай алады екенсіз" деген секілді сөздерді айтатын болса, онда сері бұл мезетте көпке дейін ұмыта алмайды екен. Егер сүйген жанымен бірге болса, тіпті жақсы. Сондықтан аруларға айтарымыз, азаматтарыңызға сенім білдіріп, тәтті сөздеріңіздің балын татқызып қойғандарыңыз абзал.
Керісінше сұлуларға жақсы сөз айтсаңыз, өзін біртүрлі сезінуі мүмкін. Мысалы: "Мен сені қалай барсың, солай қабылдаймын", "Ештеңе демей-ақ қой, бәрібір саған сенемін". Бұл кезде арулардың ашуы келіп тырнақ астынан кір іздеп кетуі ғажап емес. Жігіттерге айтарымыз, сұлулардың сөзіне мән беріп отырсаңыз, не қалайтыны мен қандай сөз естігісі келетіндігін сізге айту арқылы дәл сондай жауап күтіп отырады. Сондықтан сүйіктіңізбен сөйлескенде әңгімені мұқият тыңдағаныңыз абзал.