Жігіттерге ешқашан алғаш болып, арыз айтпап едік. Бірақ бүгін бар күшімізді жинап, бекініп отырмыз. Бұның сыры мынада.
Жігіттер "қыздардың ақылы таяз болады" деп, бізді кемсітуге келгенде шебер-ақ. "Сендер ақымақсыңдар, соны да түсінбейсіңдер ме?", - деп ұрысуға келгенде, алдына жан салмайды. Ал өздері бізді түсінуге келгенде, аспаннан жаңа түскен адамға ұқсап, аңтарылып отырады да қалады.
Мәселен, кейде біздер жігіттердің бізге тірек болуын қалап, жылуын сезінгіміз келеді. Сол ниетпен жұмыстағы, сабақтағы проблемаларымызды айту арқылы құшағына басып, жұбатар деп үміт қыламыз. Сезімімізді дәлдеп жеткізу үшін әсірелеп болса да "ешқашан","әрқашан","еш" деген сөздерді қолданып қаламыз. Сондай сәтте біздің "данагөй" жігіттер бізді түсінудің орнына, қыңыр-қисық сөздер айтып, мазамызды қашырады. Қыңыр сөздерінің жүйкемізге тиетіндігі соншалық, содан кейін сендердің ақылдарыңа күмәнмен қарай бастадық.
Бұл туралы сіздердің уәждеріңізді білу үшін арадағы кейбір әңгімелерден үзінді келтіруді жөн көріп отырмыз. Бізді қалай жұбатып жүргендеріңе бір назар салып көріңдерші...
P.S. Жігіттер, неге біз әрқашан сөзге келе береміз?