- Негізгі бет
- Психология
- Жігіттер қандай қызға...
Жігіттер қандай қызға үйленгісі келеді?
Үйлену оңай, үй болу қиын демекші, жар таңдауда тиянақты болу керек. Жігіттер шаңырақтың берекесін кетірмейтін, ақыл жар іздейді. Жігіттер қандай қыздарға үйленгісі келеді? Егер қыз...
Оның сенімін ақтайтын қызға
Сенім — кез келген қарым-қатынастың тірегі. Оны жоғалтып алу оңай. Ал қайта табу қиын.
Сүйіктісінен көңілі қалған адамның жан жарасын жазу қиын. Ақылды жігіт сенім мен қамқорлықты бағалап, аяқ астында қалдырмайтын жар іздейді. Сенімді ақтамаған жанды кешіру мүмкін емес. Бір рет жасалған қателіктің қайталанбайтынына кім кепіл?
Оны қанаттандыра алатын қызға
Жігіттер өзін биік шыңдарға итермелейтін, шабыттандыратын, игі істерге қанаттандыратын жар іздейді. Мансаптың тайғақ жолында сүрінген кезде орнынан тұруға көмектесетін аруды іздейді.
Оны жақсылыққа итермелейтін қызға
Әр күнді мәнді етіп өткізуге итермелейтін адамды табу оңай емес. Арман, мақсаттарыңызды қолдап, оларға жету жолында үнемі жаныңызда болып, көмектесетін жарды кездестіру — үлкен бақыт.
Ф. Абилова