Жігіттер қандай қызға үйленгісі келеді? #2

Жігіттер қандай қызға үйленгісі келеді? #2
Фото: Альбина Хан

Өмір бойы жанында болатын, балаларының анасы болатын қызды жігіттер қандай қасиеттеріне қарай таңдайды? Егер қыз...

Басы

Өміріңді мәнді етсе

Қыз жігітінің өмірін мәнді де сәнді еткісі келеді. Жігіт те өз кезегінде сүйіктісін бақытты етуге тырысуы керек. Болашақ жар таңдау кезінде жігіт жақсылап ойлануы тиіс. 

Үнемі жаныңнан табылатын болса

Бұл біздің өткен материалымызда қозғаған алғашқы «сеніммен» тығыз байланыста. Өмірдің қиындығы кез келген адамды шаршатады. Сондай кезеңде жаныңда қолдап, тыңдайтын, көмектесетін адал жар болу керек. Күйеуінің қиындықтарын бетіне басып, үйде жанжал шығарып, төркініне кетіп қалатын әйелден аулақ болыңыз. Сонымен қатар жігіт те жарының проблемаларын тыңдап, оған қамқор бола білуі керек.

Пікірлеріңіз бір жерден шықса

Жігіт қызын жақсы танымай жар етіп алмауы керек. Бұл дегеніміз мансап, хобби туралы емес. Оның армандары, болашаққа деген көзқарасы, өмірден не күтетіні, қандай іске құмар екені сізге де қызық болуы керек. Ойларыңыз бір жерден шықпаса, ары қарай өмір сүру де қиын болады. 

Махаббат – кенеттен пайда болатын нәрсе емес. Қарым-қатынасты мықты ету үшін 3-4 ай жеткіліксіз. Отбасы берекесін сақтау үлкен еңбекті талап етеді. 

Ф. Абилова