Ерлер мен әйелдер екі бөлек әлем. Біз жігіттерге таңғаламыз, олар бізге таңырқаудан жалықпайды. Кейбір жігіттер өздеріне ғана түсінікті қызық қасиетін тастамайды. Таныстық Көшеде әдемі қызды көріп, танысқысы келсе, кім қай кезде шығарғаны белгісіз жаттанды сөздерді айтады Қарындас, қай жылғы боласыз?, Сізбен танысуға бола ма екен? немесе Нөміріңізді қалдырып кетіңізші. Жөні түзу қыз Міне, нөмірім деп тастап кете салмайтынын ұғынатын заман баяғыда болған сияқты. Бұл сөздер еш қызға өтпейтінін біле тұра, әлі де қолданатын жігіттер бар. Бұл олардың өзін соншалықты жақсы көретіні ме әлде... Сақал-мұрт Иә, әлдебір сериалдардан идеалындағы жігітті көріп алып, қиял құшағында жүретін қыздар әлі де бар. Дегенмен жігіттің сақал-мұрты болса, одан асқан сән жоқ деп ойлау ескіліктің белгісі. Себепсіз гүл сыйлау Қалай болғанда да олар қыздарды қуанту әдісін біледі. Барлығы бірдей емес, әрине, бірақ көптеген жігіт әлі де еш себепсіз-ақ жұмыстан үйге гүлмен қайтуды біледі. Кейде оның біз білмейтін, құпия себебі болуы мүмкін. Сонда да қуануға болады. Салыстыру Балалар кішкентай кезінен күш сынасып, бұлшықеттерін салыстырып өседі. Бұл әдет есейгенде де қалмайды. Көлігін, жүретін қызын бір-бірімен салыстырып, жарыстатындар да бар. Олар мұны сыртқа шығарып айтпаса да, үнемі іштей ең жақсыларды иемденгісі келеді. Бәрінен жақсы жар алып, жақсы жұмысқа тұрып, жақсы телефон ұстап, жақсы үйде тұрғысы келеді. Әрине, жақсылыққа қарай, биікке ұмтылу әрбір пендеге сай әрекет. Дегенмен мұны өзін өзгелермен салыстыра отырып істеу жігіттікке жат, іштарлыққа, көре алмаушылыққа әкелетін қасиет. Мұндайды болдырмас үшін әр әйел өз таңдаған жары өзі үшін ең жақсы екенін есіне салып отырады.