- Негізгі бет
- Психология
- Жігіттер 8 секундта...
Жігіттер 8 секундта ғашық болады
Білектілеріміздің ғашық болуы үшін 8 секундтың өзі жеткілікті екен. Мұндай тұжырымды британдық бір топ ғалым айтып отыр.
Олар жігіт алғашқы кездесуде қызға қаншалықты көп көз айырмай қараған сайын, қызығушылығы соншалықты арта түседі деген тұжырымға келді. Егер көзбе-көз кездесу төрт секундтан аспаса, романтикалық қарым-қатынастардың пайда болуы екі талай.
Ал көзбе-көз кездесу 8,2 секундтан кем болмаса, тау құлатар алып сезімнің пайда болуына үлкен мүмкіндіктер бар.
Жоғарыда атап өткен британдық зерттеушілер тәжірибелік жұмыстарын жасырын камераның көмегімен жүргізген. Олар басты "қаруларын" студенттер қалашығына орнатқан.
Олар арнайы жалданған адамдарын көшеге, жолдан өтіп жатқан жолаушылармен танысуға жібереді. Артынан тәжірибе барысындағы еріксіз қатысушылар зертханаға шақырылады. Олардан камера алдында танысқан адамдарға баға беру сұралады.
Нәтижесінде, ер жігіттеріміз 8,2 секундтан аса қараған аруларын бірден ұнатып қалған, ал 4,5 секундтан аспаған көзқарастар ешқандай сезімдерді тұтандыра алмады.
Бұл қағидалар тек қана ер азаматтарға қатысты. Нәзік жандылар қауымы нысанадағы серіні жан-жақты бақылай, тіпті 1 минут бойы қарап тұра алады. Бұл сыпайылықтан, қызығушылықтан немесе әрдайым айналасына қарап жүретін әдеттен пайда болуы мүмкін.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com