- Негізгі бет
- Психология
- Жігітті сүйікті асына...
Жігітті сүйікті асына қарап таныңыз
Жігіттер қыздарға қарағанда тамаққа деген талғамы қаталырақ екені белгілі. Қыздардың көпшілігі тәттіні ұнатса, жігіттердің дені тойымды асты жақсы көреді. Олардың сүйікті асы мінездерінен де хабар бере алады екен. Қалай дейсіз бе? Түрік психологтары осы мәселеге байланысты зерттеу жүргізіп, төмендегідей қорытындыға келіпті.
Етсіз өмір сүре алмайтын жігіттерді ғалымдар шыдамсыз, міншіл, бірінші кезек өздері жайлы ойлайды деп сипаттады. Қызу қанды ет сүйгіш жігітке әр кез мейіріммен, түсіністікпен қарау керек.
Балық пен теңіз өнімдерін сүйіп жейтін жігіттер отбасы құруға дайын болады екен. Олар шыдамдылық, байсалдылық сынды отбасылық өмірде қажет болатын қасиеттерге ие. Сөзсіз, балыққа құмар жігіт керемет күйеу бола алады.
Көкөністерге құмар жігіттер қыздарға бір қарағаннан аса ұнайтын болады, көрікті әрі көңілді келеді. Бұл көкөністердің пайдасымен-ақ түсіндіріледі.
Ал жемістерді сүйіп жейтін жігіттер өмірге жақсы қарайды, әр кез жайдарлы, күлімсіреп жүреді. Ол өзінің көңіл күйімен сүйіктісінің әр күнін мерекеге айналдыра алады.
Тәтті кәмпиттерге құмар жігіттермен сөзге келісу өте қиын. Есесіне тәттіге құмар жігіттер басқа жаман әдеттерден аулақ болатыны дәлелденді.
Г. Берік