- Негізгі бет
- Психология
- Жігітті мына сұрақтармен...
Жігітті мына сұрақтармен таныңыз
Жігіттің психологиясын, өмірге деген көзқарасын түрлі әдіспен білуге болады. Әрине, оның сұрақтарға шыншыл жауап беруі екіталай, алайда жауап беру мәнері, жанары сізге көп айтпақ. "Жұмысың қандай? Отбасың жайлы айтып берші" деген сұрақтар танымы мол адамның қоятын сауалы емес. Адамды жақсырақ танығым келеді десеңіз, мына сұрақтарды қойып көріңіз.
Соңғы оқыған кітабың қандай?
Адамның оқып жүрген кітабы бойынша оның қызығушылықтарын, өмірлік көзқарастарын білуге болады. Оған қоса, бұл әңгіме айтып, бір-біріңізге үйренісуге жақсы тақырып болмақ.
Қай жерлерде дем алғанды ұнатасың?
Шет елде, тауларда, жағалауда, түнгі клубтарда... Бұл сұраққа жауап жігіт туралы бірден көп нәрсе айта алады.
Кішкентай кезіңде нені армандап едің?
Иә, ол сіздің сұрағыңызбен таңғалуы мүмкін. Өзінің де есінде қалмаған заттарды еске алып, әңгіме қылу барысында көптеген қызықты оқиғаларды, бала армандарын айтып береді. Өткенді еске салғаны үшін сізге де алғыс білдіруі мүмкін.
Қыздардың қандай қасиеті ұнамайды?
Осы сұрақ арқасында оның болған қарым-қатынасы жайлы біле аласыз. Сонымен қатар, болашақта, көңілдеріңіз жарасса, жасауға болмайтын қателіктеріңізді білетін боласыз. Олқылықтардың алдын алып жүресіз. Барлық жігіт бірдей ойлай бермейді, десе де, ұқсастықтары болады. Мінезінде жігіттердің айтқан кемшіліктері бар құрбыларыңызға да ескертіп, тыйылуына көмектесіп, түзеп жүріңіз.
Қандай тамақ пісірген ұнайды?
Ер адамдардың әйелдерден он есе дәмі пісіретінін ескерсек, мәселе – тамақта емес. Көп жағдайда тамақ жасай алатын жігіттер шаруашыл келеді. Олардан керемет күйеу, отау иесі және әке шығады.
Өмірде неден абай болу керек?
Осындай түсініксіз сұрақ арқылы оның өмірінде болған қиындықтардан хабардар бола аласыз. Қарпайым әңгіме барысында айта алмайтын сырларын осы сұраққа жауап бергенде айтуы мүмкін. Тіпті сұраққа "жалпы" жауап берсе де, бұның бәрі оның өмірлік тәжірибесінен екенін біліңіз.
Бақыт деген не?
Бұл сұрақ көмегімен бұл жігітке ең жетіспей жүрген нәрсені білетін боласыз. Қандай нәрсеге қол жеткізгісі келетінін, оны не бақытты ететінін білуге болады.
Анаң жайлы айтып берші?
Оның анасы – болашақ жарының айнасы. Жігіттер анасына еліктеп қыз алатыны белгілі. Сондықтан оның қандай екенін естіп, қарым-қатынастары жайлы сұрап өтіңіз.
Г. Берік