Қыз жігіттен әлсіз бе? Стереотип емес пе? Кімнің кім екенін енді біліп алыңыз! Сонымен, қыз баладан жігіттің әлсіз болатын тұстары мыналар болмақ...
Ауру. Ер адамдардың қыз балаларға қарағанда обыр ауруларына (РАК) шалдығу қаупі артық. Статистикаға сүйенсек, жігіттер түрлі жұқпалы инфекциялар мен тұмау, одан қалды өкпе ауруларына әйел адамдарға қарағанда көбірек шалдығады. Асқазан аурулары да бұл тізімде бар.
Мұның бір себебі ер адам ағзасындағы Y-хромосомасында болып отыр, нақтырағы, әйелдерде болатын Х-хромосомасының жоқтығынан. Х-хромосомасы ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұруына қызмет ететін қасиеті бар. Қыз балалар ер адамдарға қарағанда аштық жағдайына, шаршау, стресстер, түрлі ауруларға төзімді келеді екен. Әйелдер ер адамдардан күштің жоқтығынан ғана жеңілетін көрінеді.
Тағы бір себеп – ер адамдардың өз денсаулығын күтуге мән бере бермейтіндігі болып отыр. Ол аз десеңіз, еркектер тіпті денсаулық туралы сөйлесіп, ол кітаптарды оқымайды да. Осыған қарамастан олар ер адам ауырмайды, әйел адамнан күштірекпіз деген ойға бекіп қалған.
Энергия тапшылығы. Ерлердің қан айналым жүйесі әйелдердің жүйесіне қарағанда дұрыс қызмет атқармайды. Қандай да бір ота жасату ерлерге қиын соғады екен. Ерлерге ауа да жетіспейді, себебі олар әйелдерге қарағанда тез әрі көп мөлшерде ауа керек етеді.
Қыз бала өкпесінде ер адамға қарағанда аз ауа жиналатындықтан, олардың лас ауадан зиян шегу қаупі аз болады. Ер адам терісінде бір ғана қабат болса, қарсы жыныстағылардың терісі екі қабат, және денедегі майлар түрлі қиындықтарға төзімді келеді. Ер адам әйел адамның тамағына тоймайды. Осы себепті де бойдағы қуат тез таусылады-мыс. Алабама универсиетінің кардиологтары қыз баланың жыл өткен сайын төзімділік мүмкіндігі 2 пайызға қысқарып отырса, ал еркектердің төзімділігі жыл сайын 10 пайызға кеміп отыратынын анықтаған.
Ми қызметі. Жігіттер мен қыздардың миы әрқалай дамиды екен. Ерлердің оң жақ миы ерте дамиды екен де, қыз балаларда сол жақ миы ерте тұрақталады. Дәл осы себепті қыз балалардың жазуы ұлдардың жазуына қарағанда әдемі болады.
Көптеген зерттеулер ер адамның оң жақ миының жұмысынан олар кеңістіктегі жағдайды (ориентация) басқара алатынын дәлелдеп берген. Ерлердің сәулетші, құрылысшы, суретші болатыны да сондықтан екен. Ал әйел адамдарда уақыт өткен сайын екі жақ миы да теңеседі. Бұл арқылы қыз балалар қарым-қатынас жасауға, психологияны барлай зерттеуге мүмкіндігі көп. Ер адамдарды қыз балаларға қарағанда оңай алдай алатынымыз да сондықтан.
Махаббат құру. Ер адамдардың қыз балаға бірінші болып сөз айтуын да ғылым түсіндіріп берді. Сөйтсек, ер адам жүрегі, миы, гормондары қыз балаға қарағанда ерте дамып, ақырында сүю туралы ұсынысты бірінші жасайды.
250 еркектен алынған сауалнама бойынша, төртінші кездесуден кейін ер адамдардың барлығы да ғашық бола қалған да, ал 425 қыз баланың 15 пайызы ғана ғашық болғанын мойындаған. Ал тіпті көп бөлігі 20 реткі кездесуден кейін де жігітке ғашық бола алмай қойғанын айтқан. Ер адамдар өзінің сүйген-сүймегенін қиналмай тани алады. Тіпті 7 секундтың өзінде жігітке бұл сұраққа жауап бере салу қиындық тудырмайды. Ал әйел адамдар көп уақытқа дейін сезіміне сенбестікпен қарайды екен.
Қоштасудан кейінгі уайым. Ер адам сүйіктісімен айрылысқан кезде расында да өзін бақытсыз сезінеді. Төзім жетпес жалғыздық пен терең депрессияға қамалып, тіпті суицид ойларына да тоқталуы ғажап емес.
Қыздар мен жігіттер қызғанышқа да әрқалай қарайды. Қыз бала өзінің орнын біреу баса ма деп қорықса, ер адам өзінің тәуелді етіп алған «дүниесіне» әлдекімнің жолауынан қорқады. Бұл инстинкт. Ер адамдар көп жағдайда сатқындық жасаған әйелді кешірмейді екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com