Қан анализы - түрлі ауруларды анықтау жолында жақсы сараптама. Сондай-ақ қанның қай тобына жататындығы бойынша адамның, әсіресе жігіттің мінезі туралы нақты қортындылар жасаса болады екен.
Бірінші топ
Қаны бірінші топқа жататын жігіттер туылғанынан көшбасшы болуға бейім. Өздерінің күшіне сенімді, мақсаттарына жете алатын, кейде өзімшіл, бірақ әр кез қайсар болады. Қарым-қатынаста да өздерінің басымдылығын қалайды. Бұндай жігітті ұнатып қалсаңыз, сезіміңізді бірден білдіре көрмеңіз. Бұл топ жігіттерін "аңшылар" деп босқа атамаған. Одан әр кез қашып, жүрегіңізді қайта жаулатуға мәжбүрлеңіз. Басқа жағдайда оны бір рет қызықтырып қана қойып, қарым-қатынастарыңызды ұзаққа жалғастыра алмайсыз.
Бұндай жігіт сіздің көңіліңіздің жиі ауысуын, кез келген еркелігіңізді, ұрыстарды көтере алса да, онымен бәсекелескеніңізді кешіре алмайды. Ол өзінің басты екенін түсінуі керек. Қиын мәселелерде өзіңіздің нәзіктігіңіз бен сыпайлығыңызды танытып, соңғы шешімді жасауды жігітке тапсырыңыз. Бірінші топ жігіттерінің арасында ессіз қызғаншақтар өте көп.
Екінші топ
Қандары екінші топ жігіттер бақылаушы, пайымдаушы. Олар мейірімді, сабырлы, байсалды, бірақ кейбір жағдайларда батылы аз болады. Олар басқалардың пікіріне тәуелді, кейде жігерсіз келеді. Ұнатқан жігітіңіздің қан тобы 2-болса, қарым-қатынас тізгінін өз қолыңызға алуға тура келеді. Бұл жігіттер болашақта керемет жар бола алады: олар өзінің өмірлік жолдасын, балаларын өлердей сүйеді. Алайда олардың қолдарынан романтикалық тосын сыйлар, ессіз ойлар келе бермейді. Бұл сұрақтарды өзіңіз шеше алсаңыз, екеуіңізден жақсы жұп шыға алады.
Ең бастысы бұндай жігітті қызғандырмаңыз. Бұл қарым-қатынасыңызды оңайлықпен бұза алады. Сүйіктіңіз сізді қайта жаулағанша, бәрін тастағанды жөн көреді.
Көп жағдайда қаны екінші топқа жататындардың өмірінде толықтай гармония орын алады. Бұл олардың шыдамдылығы мен сабырлығының жемісі. Алайда олардың жақсылап дем ала алмау қасиеті денсаулығымен қиындықтарға да әкеле алады.
Үшінші топ
Қандары үшінші топқа жататын жігіттер нағыз дипломаттар. Олар жаңалықтарға ашық, саяхаттағанды жақсы көреді. Көңілді, көпшілікпен оңай тіл табысады, достары көп болады. Алайда олар жалғыз да өмір кеше алады. Кейде оңаша қалғанды жөн көреді. Бұл жігіт қасыңыздан әр минут табыла береді деп күтпеңіз.
Бұндай жігіттің мойынына ілінбеңіз, оған кейде жалғыз қалуға да мүмкіндік беріңіз. Оған сіздің де көпшіліктің көңілінен шығатын көңілді жан болуыңыз маңызды. Бұндай жігіттің қасында ұзаққа қалғыңыз келсе, өзіңізді ылғи дамытып, жаңа қызығушылықтармен айналысыңыз. Ұрыс кездері эмоцияға берілмей, нақты заттар айтуға тырысыңыз, себебі бұл жігіт эмоцияларды мүлде түсінбейді.
Индивидуалист бұл жігіттер өз интуициясына ғана сенеді. Көп жағдайда интуициясы оған көмекке келеді. Алайда өз күшіне тым сену қиындыққа әкеле алады.
Төртінші топ
Бұл жігіт алдыңғы үш топ жігіттерінің қосындысы, әмбебап үлгісі. Олар байсалды да, мылжың да, менмен де, ақкөңіл де бола алады. Алайда олардың көбісі басқаларға жаны ашитын, тыңдай, түсіне алатын керемет кеңесшілер.
Қандары 4-топқа жататын жігіттер ерекше тартымды, сымбатты болады. Бір қарағаннан ғашық қылдыратын жігіттер де осылар. Олар мықты отбасының іргесін қалағанда қалайды, алайда біркелілікті ұнатпайды. Достарының арасында ерекшеленіп тұратын олар көп жағдайда шешім жасауға қорқып тұрады.
Бұндай жігітпен ұзақ баянды ғұмыр кешемін десеңіз, түрлі бола біліңіз. Шаш сәнін, киім сәніңізді, макияжыңызды жиі ауыстырып, жаңа қызығушылықтар іздеуден шаршамаңыз.
Ал сіздің жігітіңіздің қан тобы қандай?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: lady.tochka.net, krokha.ru