Жаңа қатынасты бастағанда отбасылық өмір тек серуендерден, бірге бірдеңе сатып алулардан, бірге тамақтанудан және жетістіктерден ғана тұрмайтындығын, ол өзара терең түсінушілікті қажет ететін түсіну керек. Бірақ, жаңа қатынастың қызығына еріп, кейде жігітіңіздің шынайы болмысын көрмеуіңіз мүмкін. Оны дұрыс танымайтындығыңызды көрсететін 10 белгіні ұсынамыз. 1. Ол сізді ең жақын достарымен таныстырмайды Адам досты қызығушылығы мен ішкі қағидаларына қарай өзі таңдайды. Кейде адамды айналасындағы жақын достарына қарап тануға болады. Егер жігітіңіз сізді жақын достарымен қатынасыңыздың бастапқы 6 айында таныстырмаса, оның көңілі шынайы екендігі күмән тудырады. Психологтар достары жоқ адамға немесе достарын құпияда ұстайтын адамға мұқият қарау керектігін айтады. Ондай адамның әлеуметтік мәселесі болуы әбден мүмкін. 2. Сіздердің қызығушылықтарыңыз бен әуесқойлықтарыңыз мүлде бөлек Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бақытты жұптар бір-бірінің әуесқойлығымен бөлісіп, уақыттың көп бөлігін бірге өткізуге тырысады. Адамдардың түрлі қызығушылығы болуы қалыпты, бірақ олар бірге көбірек уақыт өткізуге тырысады. Әрине, серігіңіз спорттың бір түріне қызықса, сізге ол спорт түрі мүлдем ұнамауы мүмкін. Бірақ екеуіңізді де қызықтыратын қандай да бір ортақ хобби табылуы керек. 3. Жігітіңіз бала кезі туралы айтқысы келмейді Жеке қайғысы және балалық шағы туралы әңгімелерден қашқақтайтын адам сол уақытта орын алған мәселелерді еске алғысы келмейді. Алайда, кәсіби мамандардың айтуынша, адам серігіне өзінің тәрбиесі туралы айтып, өткен өміріне адал баға беруі керек. Ол жұптардың бір-бірін жақсы тануға және жақындай түсуіне көмектеседі. 4. Екеуіңіз бірге қандай да бір дағдарыстан өтпедіңіздер Әрине, кім болса да өмірінде қандай да бір жаман нәрсе болғанын қаламайды. Бірақ, өмір болғасын ауыр күндер әркімнің басынан өтіп жатады. Ауыр дағдарыс әркім үшін өзінше болады: біреу жұмыстан айырылса, басқасы жақынын жоғалтады. Сондай ауыр кезде серігіңіздің шынайы мінезі ашылады. Бір-бірін түсінетін, қолдау көрсете білетін және әрдайым жанынан табыла алатын жұптар өмірлік сынақтан сүрінбей өтеді. 5. Оның болашақ жоспары туралы білмейсіз Онымен бірге алдағы демалыста не істейтіндеріңізді айтқан боларсыздар. Бірақ, оның алыс болашаққа деген армандары, жоспары туралы білесіз бе? Қандай мансаптық жоспары бар, неше балалы болғысы келеді немесе қай жерде қандай жағдайда тұрғысы келеді? Ортақ мақсаттардың болуы маңызды, себебі олар дұрыс және үйлесімді қатынасты құрудың негізі болып табылады. 6. Маңызды талқылаудан қашасыздар Психологтардың айтуынша, екі адамның қызығушылығы әртүрлі болса да, ғаламдық сұрақтарға келгенде ойлары бір-біріне ұқсас болуы керек. Серігіңіз дінге, бала асырап алуға және т.б маңызды талқылауға қалай жауап береді?