- Негізгі бет
- Психология
- Жігітіңізді ашуландырмаңыз...
Жігітіңізді ашуландырмаңыз
Бірден ашуланып, бірден басылу ер адамға тән мінез. Көбінесе оның ашуын келтіріп, жүйкесіне тиетін әйел адамдардың өзі. Олар қандай іс-әрекет пен қандай сөзге ашуланады?
Еріңізден не қаласаңыз да, ашық айтыңыз. Тіпті оның гүл сыйлағанын қаласаңыз да, ұялмай айтыңыз. Ішімдегіні тап деп жүре берсеңіз оған да, өзіңізге де жақсы емес. Әсіресе, орынды-орынсыз ренжіп қалған кезде не себебін айтпай, не ренжігеніңізді айтпай жүрсеңіз, жігітіңіз ашуланады. Ал елемей жүре берсе, өзіңіз ашуланасыз.
Оның "Не болды?" деген сұрағына, автоматты түрде "ештеңе" деп жауап беріп қойсаңыз да, не болғанын айтыңыз. Ешкім сіздің ішіңізде не боп жатқанын түріңізден оқи алмайды.
Өзіңіздің қолыңыздан келетін, өзіңіз шеше алатын мәселені, үйдегі болмашы жағдайларды ер адамға айтып, басын ауыртудың қажеті жоқ. Нағыз ер азамат ұсақшылықты жақтырмайды. Егер өзі араласатын болса да, ештеңе айтпай, оны ірілікке үйретіңіз.
Ер адамдар нәзік жандылардың орынсыз жылай бергенін ұнатпайды. Кез келген жағдайда көз жасыммен қорқытамын деп ойламаңыз. Мұныңыз жалғаса берсе, үйреншікті жайға айналады. Содан кейін оның жұбатуын да күтпей-ақ қойыңыз.
Сырт келбетіңізге, сымбатыңызға көңіліңіз толмаса, ол жайында ер адамнан сұрамаңыз. "Мына көйлек жарасып тұр ма?" деп өзіне сенімсіз түрде сұрағанда әйел затында екі бірдей қарсы жауап дайын тұрады. "Иә" десе, "Өтірік айта салдың" дейді, жарасып тұрған жоқ десе тағы ренжиді. Өзіңіздің осы әдетіңізді біле тұра, ер адамның ашуын шақырмаңыз.
Ер адамдар еркіндікті жақсы көреді. Сондықтан көпшілігі "Қайда бара жатырсың?" "Қашан келесің?" деген сұрақтарды жек көреді. Осындай мәселемен тап келмес үшін, басынан бастап, нені айтуға болады-болмайды деген түйінді шешіп алыңыздар. Сонда арадағы қарым-қатынасқа қылау түспей, берік сақталмақ.
@. @assel_assanova