- Негізгі бет
- Психология
- Жігітіңіз қалай күледі?...
Жігітіңіз қалай күледі?
Еріңіз қалай күледі? Тек қасыңыздағы еркек ғана емес, жалпы бейтаныс жігіттің мінезін білігіңіз келсе... Алдымен, қалай күлетінін аңғарып алыңыз, енді төмендегі ақпаратқа назар салыңыз. Қаншалықты сәйкес келеді екен?
Дауысын шығарып, қатты күледі
Оның бетінде жымиған күлкі пайда болу үшін оған әзіл айту керек емес пе? Ауызын қатты ашып, өз күлкісінен ұялмайтын адам пысық, қызбалы, жайдары болады. Дегенмен, ол күліп тұрған жерінде ашуланып кетуі де мүмкін. Бұл жігіт біреуді тыңдағаннан гөрі, өзі сөйлегенді ұнатады.
Тым қатты емес, ырғақты
Күлгенде көздері сәл жұмылады. Және оның күлгенінен сіз де еріксіз күлесіз бе? Мұндай ерлер өзіне сенімді, сабырлы, қайсар келеді.
Ауызын мүлдем ашпай, тыныш күледі
Өте сабырлы, ұстамды болады. Алайда, ол өзімшіл. Дегенмен, ол сізді тыңдап, тіпті көмектесе алады. Егер қалап тұрса, әрине...
Әр кезде әртүрлі
Бұл жігіт бірсарынды емес екені анық. Ол көпшіліктің пікірін елемейді, өзіне сенімді, батыл, шешімдерді өзі қабылдап, оларға жауапты бола алады. Көпшіліктің арасынан ерекшеленіп тұрады.
Жай жымиып, аузын бір жаққа қарай ығыстырады
Мұндай жігітпен абай болыңыз. Ол қиын жағдайда адал болмауы мүмкін.
Басын сәл еңкейтіп күлетін адам
Ақкөңіл, шыншыл, адал адам. Өз сезімдерін әр кезде бақылап отырады.
Күлгенде аузын қолымен жабатын
Олар ұялшақ, өзіне сенімсіз болады. Басқалармен тілдесуі де қиын болады.
Дереккөзі: anabol.kz
Қ. Бүйенбай