- Негізгі бет
- Психология
- Жігітіңнің басқа қызы...
Жігітіңнің басқа қызы бар, егер...
Кейбір жігіттер қызы болса да басқа қыздарға қылмыңдаудан қашпайды. Егер сенің өміріңді жігіт пайда болса, бірақ оның кейбір әрекеттері күмән тудырса, өздігіңнен тергеу ұйымдастырып көруді ұсынамыз: бәлкім оның басқа қызы бар шығар?
1. Кездесу үшін адам аз жерлерді таңдайды
Адам көп жиналатын орындардан қашатынын байқадың ба? Ол әрдайым сенің «ауданыңа» ғана келіп, өзіне шақыруды қаламайды. Ұялады деген нұсқаны бірден сызып тастаймыз. Неге сенен ұялуы керек? Бәлкім, екінші қызы көріп қала ма деп қорқатын шығар?
2. Сен ешқашан оның үйіне барып көрмегенсің
Ол үйінің астан-кестені шығып жатқанын, үйінде әрдайым әжесі, атасы, әке-шешесі, іні-қарындастары болатынын айтып, себеп тауып алады. Сен тіпті оның қайда тұратынын болжай да алмайсың.
3. Ол кейде тұтқаны көтермейді
Оған әрдайым кесте бойынша хабарласпайсың ғой. Кейде жай ғана қалын біліп, дауысын естігің келеді. Бірақ оның орнына телефонның гуілін ғана тыңдайсың. Ол кейін немесе келесі күні қайта хабарласады. Тұтқаны неге көтермегеніне мың сылтауы да табылады.
4. Ол сені достарымен таныстырмайды
Жүріп жүргендеріңе 2 апта өтті, ал сен оның әлі бірде-бір досын көрмедің. Әрине, оның достары жетерлік, бірақ сені олардан жасырады. Иә, достарынсыз да жақсы уақыт өткізуге болады... Бірақ бірде-бір досына таныстырмағандығы күмәнді көрінбей ме? Әлде ол сені достарынан қызғана ма?
5. Ол сені отбасымен таныстырмайды
Бұл белгіні тым байсалды қабылдаудың қажеті жоқ. Дос болса – бір сәрі, ал ата-анасымен таныстыру деген маңызды қадам екені рас. Бірақ егер жігітіңмен ұзақ жүріп және ол ата-анасына сені таныстырмаса, ойлануға тұрарлық. Егер ол сені шындап қабылдаса, онда ата-анасымен де таныстырар еді.
6. Сенімен бөгеліп қалмайды
Егер екі сағаттай қыдырамыз деп келіссеңдер, дәл солай болады. Және ұқыптылықтың бұған еш қатысы жоқ. Ол өзінің уақытын жоспарлап қоюы мүмкін. Бәлкім, сенімен кездесу оның күнделігінде жаттығу залына бару деп белгіленген шығар?
7. Әлеуметтік желіде жабық парақшасы бар
Кейбірі ата-анасы мен достары үшін бөлек парақша ашып жатады. Ал бірнеше қызға әртүрлі парақша ашатындар жайлы естіген бе едің? Ол парақша не үшін және неге жабық? Бәлкім, онда екінші қызының суреттері жасырылған болар? Сондықтан мүмкіндік болса, ол парақша жайлы анық-қанығын білуді ұсынамыз.
8. Ол телефонын тексертпейді
Қолыңа оның ұялы телефоны түсіп кетсе болды, жаны шығып кете жаздайды. Мұндай үрей неден болуы мүмкін? Әрине, оның телефонында басқа қыздан келген қоңыраулар мен хабарламалар болуы әбден мүмкін ғой?
9. Ол ешқашан екеуің түскен суретті әлеуметтік желіге салмайды
Суретің көпшілік назарына шығуын қаламауың да мүмкін. Бірақ жігіттің қызымен түскен суретін қойып, мақтануы да ұнамды әрекет емес пе? Ал егер жігітің бұдан қашса, бәлкім ол сенен ұялады немесе сенімен қарым-қатынаста екенін басқа қызынан жасырғысы келеді.
10. Сылтауы дайын тұрады
Ол саған хабарласқанда, сендер әрдайым кафе, кино немесе саябаққа барасыңдар. Бірақ сен хабарласып, кездесуді қалағанда оның әрдайым сылтауы дайын тұрады: іші ауырады, басы ауырады немесе сабақ қарауы керек болып қалады. Бәлкім, ол жай ғана басқа қызбен кездеспекші шығар?
Және ең соңында. Бәлкім, бұл мақаламызбен әр қыздың бойында күмән тудырып алған шығармыз? Сондықтан бұл тізімге аса байсалдылықпен қарамауға шақырамыз. Қалай болғанда да, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Жігітің жақсы адам екеніне және ешқашан саған мұндай опасыздық жасамайтынына сенімдіміз.
Дайындаған: Диана Мамытбекова
A. Mustafina