- Негізгі бет
- Психология
- Жігітіңмен ренжіскің келмесе......
Жігітіңмен ренжіскің келмесе...
Шын мәнінде, әр қыздың сирек болса да, жігітінің жынына тиетін сәттері болады. Олай болғанын қаламайсың ба? Ендеше, мына сөздерді жігітіңнің алдында айтушы болма!
"Тағы да 5 минут, әлі дайын емеспін". Бірнеше сағаттық дайындықтан кейін сен хас сұлу болып шықсаң да, жиналғаныңды күту бірнеше реттен кейін оны әбден жалықтырады. Әрине кешігу - қыздарға тән қасиет, алайда жігіттің төзімділігін басқа жолмен де тексеруге болады.
"Сенің заттарыңды жинастырып қойдым". Жігіттің жеке өмірі бар екенін ұмытпай, оның "кеңістігіне" рұқсатсыз бас салма.
"Киетін ештеңем жоқ!" Расында киім - көңіліміздің айнасы. Сондықтан, киім сөресінің алдында киюге лайықты еш нәрсе таппай тұрсаң, бұл тек сенің қазіргі көңіліңді айқындайтын киімнің жоқтығын көрсетеді. Алайда, сол жігіттер бұны түсіне алмас. Оның ойынша, сен оны қайта дүкендер аралатуға итермелеп тұрсың.
"Не туралы ойланып қалдың?" Әрине оның ойын білгің-ақ келеді, бірақ бұл сұрақтан кейін, оның ойлары бұзылып, бұны не үшін сұрағаныңды түсінбей, ыңғайсызданып қалады. Жігіттер біз сияқты емес, айтқысы келген ойын міндетті түрде саған жеткізеді. Ал бөлісуге дайын болмаса, бұндай сұрақпен одан шындықты суырып ала алмайсың.
"Қоңырау шалған кім?" Оны 24 сағат бақылау жақсы емес. Саған жай қызық болса да, ол бұны қызғану мен оған сенбеу деп қабылдай алады.
"Бетсіз, мен тұрғанда ана қызға қарауға қалай дәтің барды?" Жігітің басқа қыздарға қарап қоя ма? Бұндай кезде ұрсыса бастағанша, оның көңілін басқа затқа аудар не жаңа тақырыпқа әңгіме баста. Бұл табиғи рефлекс, ол үшін оны айыптаудың қажеті жоқ.
"Иә, қайда болдың? Қоңырау соғу қиын болды ма?" Есіңде ме, бала кезімізде аналарымыз ылғи осылай айтушы еді ғой. Содан кейін өзіңді қалай сезінуші едің? Иә, кешігіп келдің. Иә, қоңырау шалуға мүмкіндігің болды. Бірақ... Енді сүйіктіңді түсіндің бе?
"Ал бәленшенің жігіті..." Бұлай басталатын әңгіме ешбір жігіттің көңілінен шықпасы анық. Сен жай ғана соңғы өсектер мен құрбыларыңның өмірі жайлы айтып жатсаң да, жігітің бұның орнына "Маған да сондай сақина керек!", "Мені де сонда алып бар!" дегенді естиді. Ал біреудің сәттіліктері туралы сөз қозғайын десең, сендердің де жағдайларың жақсы екендігін, жігітіңнің қандай еңбекқор екендігін айтуды ұмытпа.
"Екеуміздің сөйлесуіміз керек". Бұл сөз қиын әңгіменің басы екендігі бәріне белгілі. Сондықтан түкке тұрмайтын әңгімелерді бұлайша бастама, жігітіңді үркітіп жібересің. Ал егер расында үлкен мәселе қозғауға тура келсе, оның қашан бос болатындығын сұрап, бірден іске кіріс.
"Мені сүйесің бе?". Бұл сұрақ сенің жігіттің сезімдеріне сенімсіз екендігіңді көрсетеді. Ал төбеден түскен бұл сұраққа ол "Жоқ" дей алмайтыны анық. Бұны сен де біле тұра, бұл жауапқа қанағаттанбайсың. Ал енді айтшы, бұл сұрақты қойғаннан не пайда алдың?
Амал қанша, кейде ақиқатты сөздерден емес, істен іздеу керек. Сондықтан, жігітіңнің ызасын келтірмей, айтқың келіп тұрса да, осындай кездері тіл қатпай, ақылды болып көрініп, жай күлімсіреп қой.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: 15min.lt
С. А