- Негізгі бет
- Психология
- Жігітім жоқ......
Жігітім жоқ...
Жігіттердің көңілінен шығу үшін қандай болу керек? Бой десе бойыңыз, ой десе ойыңыз бар, сұлу, ақылды, мейірімді, ақкөңіл арусыз. Сізді адал дос, тәрбиелі қыз деп таниды. Бірақ жалғызсыз. Неге?
Ғалымдардың айтуынша, жігіттерге ұнамайтын қыздардың белгілі бір түрлері бар екен. Сіз солардың арасында емессіз бе? Тексеріп көрелік.
Күйеуге өлердей шыққысы келіп жүрген қыздар
Сөзсіз, "үйленемін" деген ниеттері бар жігіттер аз емес. Алайда көрінген жігітке тиюге даяр қыз кімге ұнасын? Аяулы жар атану әрине, үлкен бақыт. Бұл әр қыздың бала шақтан келе жатқан асқақ армандарының бірі. Алайда оны паш етіп, бәріне айтып, кез келген жігіттен болашақ жарыңды көру сырттан қарағанда оғаш көрінеді.
Мансабын бірінші орынға қойған қыздар
Өте ақылды, өз ісінің шебері, талай жетістікке жеткен қыз - осы емес пе нағыз арман? Алайда жігіттерге керегі бұл емес екен. Мансап сіз үшін өте маңызды мәселе болса да, бұны жігітке көрсетпеген абзал. Жұмысыңызбен қатар, үй шаруасында да шебер екеніңізді байқатыңыз.
Достары мен құрбылары өте көп қыздар
Бар уақытын телефонмен сөйлесіп, отырыстан-отырысқа жүгіріп жүріп, қоғамдық желілерді күніне мың рет тексеретін болсаңыз, жігіт сізді бар әлемге қызғана бастайды. Әр нәрсеге бөлек уақыт бөлген абзал.
Өз ойы жоқ қыздар
Кез келген сұраққа жауабыңыздың табылуы шарт емес. Тек өмірлік ұстанымдарыңыз, маңызды мәселелерге көзқарасыңыз нақты болуы керек.
Өзін әлемнің ортасы деп ойлайтын қыздар
Сауалнамаға қатысқан жігіттердің 98%-ы өзімшіл қыздарды жек көретінін айтты.
Жігіттер, сіздерге тағы қандай қыздар мүлдем ұнамайды?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: vsegda-tvoj.livejournal.com
С. А