Жігітке қандай сыйлық берсе болады?

Жігітке қандай сыйлық берсе болады?
Фото: amur.kz

«Жігітім әрдайым мені түрлі сыйлықтарымен қуантады, ал мен оған не сыйларымды білмеймін...» деп жатады қыздар қауымы. Немесе сүйіктісінде барлығы бар екенін ойлап басы қатады. Онымен қоса, барлық құрбыларына хабарласып шығатыны тағы бар. Сонымен жігітке туған күніне немесе мереке қарсаңында не сыйлауға болады?

Статистика бойынша көп берілетін сыйлықтар:

Техника – 27%;
Хоббиіне арналған заттар – 18%;
Тосынсый – 15%;
Ақша – 12%;
Сыйлыққа сертификат – 9%;
Киім, аяқ-киім, аксессуар– 9%;
Бағалы заттар – 7%;
Басқа да сыйлықтар – 3%

Сүйіктіңіздің

Талғамы мен таңдауы 
Жас мөлшері 
Мамандығы 
Жақсы көретін дүниелері 
Керек заты 
Ұнататын ісі, хоббиі басты назарда болсын. 

Қажет емес сыйлық алып, жігітіңізді ренжітіп алмаңыз. Ол үшін сізге жігітіңізді толық танып алу керек. Не ұнатып, нені ұнатпайтындығы осы тұрғыда үлкен рөлге ие. Сонымен қатар, жас мөлшері де аса маңызды болып табылады. 

Сонымен қатар, өз қолыңыздан жасаған сыйлық кімнің болмасын көңілін көтеріп, қуаныш сыйлайтыны анық. Себебі, сыйлықта сіздің қаншама еңбек-теріңіз жатыр, шын жүрегіңізден әзірлегені анық. Сондықтан, оның қызығушылығына сай дүниелер жасап беруге тырысыңыз. Бас киім, шарф немесе жастық, суретке рамка, қолдан сағат жасап берсеңіз де болады, тіпті, кітап сыйлар болсаңыз, сырт қабына екеуіңіздің суреттеріңізді қойып дайындай аласыз. Қалай болмасын, сыйлықтың тартымды болуы сіздің фантазияңызға байланысты.

Дереккөз: anabol.kz

Г. Берік