- Негізгі бет
- Психология
- Жігітке айтылмайтын қыз...
Жігітке айтылмайтын қыз сөзі
Бүгін, шиеленіскен тақырыптардың бірі жайлы сөз қозғалмақ. Нақтырақ айтар болсақ, ер адамдарға не айтпау керектігі жайлы. Сонымен, ер адамға ешқашан айтуға болмайтын сөздер мынадай:
1. Көпшілік алдында «Ботақаным/Қошақаным/» деу
Еркелетіп айтылған жылы сөздер әрине, ер адамға да ұнамды. Бірақ, көпшілік алдында ер адам өзін батыл да ер жүрек сезінгісі келеді. Егер жоғарыда айтылған сөздерді оның достары естісе, сіздің ғашыңыз мазақтың ортасында қалары сөзсіз, бұған тіпті күмән келтірудің де қажеті жоқ.
Оның орнына...
...Сіз оның есімін атап не болмаса «жан» немесе «сүйіктім» деуіңізге болады. Бірақ, сонда да назды сөздерді айтуды қоя тұрған абзал. Себебі, бұл оның жігіттік намысына айтарлықтай зиянын тигізеді.
2. «Сен уәде беріп едің ғой!»
Осыны айтпастан бұрын, осы сөзбен оған нені дәлелдемексіз: оның жауапкершіліксіз екенін бе (Оны істеуге шамасы келмей тұра, бір нәрсені уәде еткені), оның ұмытшақтығын ба (уәде етіп, ұмытып кеткені) немесе оның қолынан түк келмеуін бе (уәде етті, бірақ, жасай алмады)?
«Мақтану, өтірік айтып алдау немесе сөз беріп оны ұмытып кету барлық адамға тән нәрсе. Бірақ, ерлерге қарағанда әйелдердің мұндай қылығы оп-оңай кешіріленеді. Ал қыздар орындалмаған уәдені болмайтын жерде айтып қалғанды жанындай сүйеді. «Мен сенен оны 1 ай күттім ғой» дегендей.
Оның орнына...
... тағы да бір рет сұрай салыңыз. Мысалы, былай: «Сүйіктім, мен сенен үйге нан сатып ала салуды сұрап едім, сен қазір дүкенге барып келе алмайсың ба?». Егер бұйымтайыңыз нан сатып алудан маңыздырақ болса, оған тік айтыңыз, бірақ, ешқандай ұрыс-керіссіз: «Жаным, сен өз сөзінде тұратын адамсың, сол үшін мен сені өте қатты сыйлаймын. Бірақ, кейде өзің берген уәделерге жауапкершілікпен қарамайтының мені ренжітеді».
Егер ер адамның жоспары іске аспаса, сол үшін оны кінәлау орынсыз. Ол да ақымақ емес және өзінің сәтсіздікке ұшырағанын өзі де түсінеді. Ал сіздің наразылығыңыз, жігіттің өзін бейбақ деп санауына алып келуі әбден мүмкін.
3. «Түкке тұрмайтын нәрселермен айналысасың!»
«Ешқашан да ер адамның хоббиіне көңіл аудармаушы болмаңыз. Оның құмарын сөзіңізбен немесе мысқылыңызбен қорлаушы болмаңыз. Апта сайын балық аулау секілді түкке тұрмайтын нәрсе болса да. Дегенмен, хобби – бұл бөлек тақырып. Есіңізде болсын, жұбай таңдасаңыз, сіз оның хоббилерін де таңдағаныңыз. Және сол хоббилер кейінірек сіздің де хоббиіңізге айналуы мүмкін.
Оның хоббилерін қолдайтыныңызды, ең құрығанда, наразылық білдіртпейтініңізді көрсетіңіз. Егер сіз әрдайым футболға байлынысты жағымсыз ой-пікір айтатын болсаңыз, ол футбол көруді доғармайды. Бар болғаны бойындағы кінә сезімінен матч көруден алатын ләззаты азаяды.
Сонымен қатар, оған кінә таққаныңыз және оны қолдамайтыныңыз үшін ол сізге жаман қарай бастайды. Қысқасы, тыйым салу мен наразылық білдіру бұл жағдайда мүлдем нәтиже бермейді.
Мынадай сөздерден аулақ болыңыз:
«Сен қайтадан футбол көріп отырсың ба?», «Түкке тұрмайтын нәрсемен айналысуды қашан қоясың?», «Сен осыған қаншама уақыт пен ақшаны жұмсап жатырсың, одан да ...»
Оның орнына...
...Сіз оның теледидар көруден, компьютер ойындарын ойнаудан көңілін аударғыңыз келсе, оны бар болғаны әйел әдістерімен-ақ бұрып әкете аласыз – алғашында қатты алаңдатпай арқасынан сипап, бетінен сүйу. Басында ол қарсылық көрсетеді, ал кейінірек жұмсарып, ықпалыңызға ереді. Осылайша, сіз оның көңілін өзіңізге аудара аласыз.
Егер ер адам құмарының салдарынан, үй міндеттеріне және жұмысына қажетті уақыт бөле алмаса, сіз мәмілеге келуге тырысыңыз: сен алдымен мына және аналарды істеп барып, өз құмарыңмен айналыса бер.
Жігітке қысым көрсетпеңіз, міндеттерінің барын өзі түсінуі қажет. Ал егер ол бәрібір де ештеңе жасамаса, тілдесу қулықтарын қолдансаңыз да оның қылықтары мен көзқарасын өзгерте алмайсыз.
Мынадай сөздерді қолдануға тырысыңыз:
«Мен мұны сенсіз істей алмаймын», «Сен маған дәл қазір керексің», «Мұны тек сен ғана орындай аласың», «Өтінемін».
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: bipfa.net
Ж. FM